Еркебұлан Тоқтар кезекті қарсыласын бір минутта нокаутқа жіберді
Octagon 63 турнирінде үндістандық қарсыласын 8 секундта сұлатып салған Еркебұлан Тоқтар кезекті қарсыласын нокаутпен ұтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Соңғы жекпе-жегінде үндістандық Кушал Вясты (11-17) 8 секундта сұлатып, ең жылдам жеңіс ретінде рекорд қойған Еркебұлан Тоқтар кезекті рет жылдам жеңіске жетті. Отандасымыз Астанада өткен Dala Fighting Championship турнирінде мысырлық қарсыласы Хайсам Эльсаидпен жұдырықтасып, бір минутта нокаутқа жіберді. Осылайша, Тоқтар кезекті жекпе-жегінде жарқын жеңіске қол жеткізіп отыр.
Айта кетейік, Еркебұлан Тоқтар шаршы алаңда 12 жекпе-жек өткізіп, соның тоғызында жеңіске жетсе, үш рет ұтылып қалған еді.
"Дәрінің құны 1,5 миллиард теңге": Бұлшықеті әлсіз қазақстандық бүлдіршінге денсаулық сақтау министрлігі көмек көрсетуден бас тартқан
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"

