Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Еркебұлан Тоқтар – “Gold” айқасы: Өзбекстандық жауынгер келісімшартқа қол қойды

келісімшартФото:Stan.kz collage

Өзбекстандық файтер Шахзод Узоқов, жанкүйерлерге “Gold” лақап атымен танымал спортшы, қазақстандық Еркебұлан Тоқтармен өтетін жекпе-жекке қатысты келісімшартқа ресми түрде қол қойғанын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Жауынгер бұл жаңалықты Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында айтты. 
Видеода Узоқов менеджерімен бірге құжаттарды көрсетіп, келісімшартқа қол қою сәтін көрсетті.

Оның айтуынша, бұл айқасты ұзақ уақыт бойы күткен.

"Мен де, қарсыласым да дайынбыз. Енді жекпе-жекті ұйымдастырудың барлық жұмыстары OCTAGON промоушенінің құзырында. Жақын арада жақсы жаңалықтар болады", – деді өзбекстандық файтер.

Осы мәлімдемеден кейін жекпе-жекті ресми түрде өткізу мен рәсімдеу міндеті толықтай OCTAGON ұйымына жүктелгені белгілі болды.

Айта кетейік, Еркебұлан Тоқтардың соңғы жекпе-жегі 26 желтоқсанда Ташкентте өтті. Қазақстандық медиа жауынгер жергілікті боксшы Тимур Никулинді алғашқы раундта айқын басымдықпен нокаутпен жеңді.

Дәл осы Өзбекстанда өткен турнир барысында Узоқов жекпе-жектен кейін рингке шығып, Еркебұлан Тоқтарға тікелей үндеу жасаған еді.


Еркебұлан Тоқтар Нью-Йорктегі атақты Madison Square Garden аренасында жекпе-жек өткізбек


Сол сәттегі екі спортшының бетпе-бет келуі көрермендердің қызығушылығын арттырып, Қазақстан мен Өзбекстан жанкүйерлері бұл айқасты тағатсыздана күтуде.

Ақерке Өмірхан
Сейсенбі, 13 Қаңтар, 2026 22:30