Ерке Есмаханның жеке өмірін білген халық оны қолдауға кіріскен
Әнші Ерке Есмахан біраз уақыт бұрын халыққа өзінің жеке өмірі жайлы ашық айтқан еді. Онда ол бұрынғы күйеуі Асхат Садырбаймен ажырасу себебін баяндап берген болатын.Енді Еркенің тыңдармандары оның отбасына, жеке өміріне қатысты қолдау көрсетіп жатыр.
Бұл туралы STAN.KZ хабарлайды. Әншінің парақшасында « Енді бақытты бол. Ер мінезді қазақтың жігіттері көп. Артыңа қарамастан тек жақсылық күт. Өкінбе, есесіне балаң бар. Саған сенеміз, арың таза» деген тілек ниеттер көптеп жазылыпты.
Тіпті кей келіншектер әншіні ашық сұхбатынан кейін жақсы көріп кеткен. Сырласып кеңес сұрауға көшкен.
«Сіз ақылды,батыл екенсіз. Менің қазіргі өмірім сіздің өткеніңіз сияқты. Бірақ,балаларым үшін шыдап жүрмін. Ажырасып кетуге батылым жетпей жүр. Сіз дұрыс істедіңіз»,-деген ойымен бөліскен.
«Соңғы кездері онымен бір дастархан басына отырудан,бір-бірімізді түсінуден қалған едік. Жүкті кезімде ол маған қол көтерді. Мен әр бір әйел адам сияқты балам үшін отбасымды сақтауға тырыстым. Ештеңе шықпады»,-деген болатын.
Ерке екеуі ажырасқан кездегі тележүргізуші Асхат садырбайдың мінезін айтып көпшілікті таң қалдырған .
«Асхат ажырасқан кезімізде бар сыйлығын түгенлеп алып қалды. Сырға,сақина менде оның ешқандай заты қалмады. Мінезі сондай. Меннен кейін бір үйленіп ажырасты. Сол кезде қайта қосылуға да келген. Мен ештеңе шықпайтынын түсініп келіспедім. Енді оған «майдалықты» қою керек деп кеңес беремін. Ер мінезді,ірі болса осы отбасы сақталады деп ойлаймын»,-деген еді әнші «Сырласу» бағдарламасына берген сұхбатында.
Ерке Есмахан өз сөзінде келін болып ауылда аула сыпырғанын, қолынан келгенін жасағаны жайлы да айтқан. Ол соңғы кездері өз өміріне қызығушылық танытып, мазалап жүрген халыққа түсінікті болу үшін айтқанын да ескерткен еді.
Тележүргізуші Асхат Садырбай өткен өмірі жайлы айтудан мүлде бас тартты.