Ерке Есмахан: Өзге ұлт өкіліне тұрмысқа шықпаймын
Жуырда ғана қазақ жігітіне ән арнап, жаңа бейнебаянын жарыққа шығарған Ерке Есмахан өзге ұлт жігітіне тұрмысқа шықпайтынын мәлімдеді. Әнші болашағын тек қазақ жігітімен елестететінін атап өтті. Алайда кей кездері өзі үміт артып отырған қазақ ұлдарының арсыз әрекетін көргенде қынжылып қалатынын жасырмады, деп жазады Stan.kz.
Бұл туралы Ерке “Гәкку FM” радиосына берген сұхбатында айтты.
“Өзге ұлт өкіліне тұрмысқа шықпаймын. Бұл ұлтшылдық емес. Өзімнің болашағымды қазақтың қара баласымен елестетемін. Бірақ ешқашан жоқ деп айтпа дейді ғой. Өмірдің тосынсыйлары болады. Ондай нәрсені байқап айту керек, әрине. Бұл әнімде тек қана сол сөзге қарамау керек. Мен қазақтың жігіттерін сипаттап тұрмын, қазақтың жігіті ақылды, бойлы, еңселі, мейлі таз болса да, ақшасы аз болса да, әйтеуір қазақтың жігіттері күшті деп айтып жатырмын ғой”, – деп түсіндірді Ерке.
Болашағын тек қазақ жігітімен елестететін Ерке кейде ел азаматтарының әрекеттерін көргенде қынжылып қалатынын жасырмады.
“Бірақ көңіл қалатын кездер болады. Алысқа бармай-ақ қояйық, сол ғаламторда қазақтың кереметтей жігіттері болмайтын, көңілге тиетін лас сөздер жазып жатады. Сол кезде ойлаймын “ғашықпын мен қазақ ұлына, жүрегінің тазалығына” деп ән шырқап жүрмін. Осылай жазатын болса, қалай оның жүрегі таза? Қазақтың жігіттерін төбемізге шығарып, ән арнасақ, олар қазақтың қыздарын осындай сөздерге балайды”, – дейді Ерке Есмахан.
Жіберіп алмаңыз:
Еркенің хитін орындаған Айдана Меденованың қызы жұртты сүйсіндірді (видео)
21 жастағы Нұрсұлу Бегжанова “Астана аруы” атанды
Димаш Құдайберген әлемдік турнеге аттанады
Аша Матай өз әнін жанды дауыста айта алмай, ұятқа қалды (видео)