Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ерке Есмахан хитке айналған «Алло» әнін шырқай алмайтын болды

Әнші Төреғали мен Ерке Есмахан арасындағы дауға әлі де нүкте қойылмаған сыңайлы. Осыдан екі жыл бұрын «Алло» әнінен басталған жанжал осы күнге дейін жалғасып келеді. Төреғали мен Еркенің жұлдызын жағып, бағын ашқан «Алло» әнін осыдан былай Ерке шырқай алмайды. Себебі, ән авторы Қайнар Алакөзов оны басқа біреуге сатып жіберген.

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

«Ол ән менің репертуарымда жоқ. Әннің авторымен сөйлескенмін. «Басқа бір жігіт пен қызға сатылды. Енді сендер айта алмайсыңдар деді», – дейді әнші Ерке Есмахан.

Қайнардан мән-жайды білмек болып телефон шалып едік, қалада болмай шықты. Сұхбатты кейін беретінін айтты. Дегенмен, ән авторының айтуынша, «Алло» әнін ешқандай дуэтке сатпаған. Автор ол әнді Төреғалидің еншісіне өткізген. Яғни, Төреғали «Алло» әнін кіммен және қайда шырқайтынын тек өзі ғана шешеді. Иә, расымен де Төреғали бұл әнді біресе қырғыз әншісімен, біресе, өзбек, тіпті жақында түріктің жас әншісімен орындап шықты.

«Араласып, ұмытып кеттім. Не дегенмен оның алдында өмірден өткен сынақтарым көп. Маған ол қатты тиді. Халықтың қошеметін көтеру қиын  болды. Ол он есе қатты тиеді», – әнші Ерке Есмахан.

Оқи отырыңыз:

Мәдина Сәдуақасованы қолынан тартқан Мақпал Жүнісованы желі қолданушылары сынап тастады (видео)

Қарақат Әбілдина тағы бір кәсіп ашып, тұсау кесуді бизнеске айналдырды (видео)

Джей Зи алғаш рет Бейонсенің көзіне шөп салғанын мойындады

Қайрат Нұртас «Жүрегіңнен бір орын бер» әнінің авторына қаламақысын төлемей қойған

Талқылау