Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ерке Есмахан: Далаға шықсам да, енді кино әлемінен кете алмаймын

Кинофильм түсіруді қолға алған Ерке Есмахан алғашқы туындысының түсірілім жұмыстарын аяқтады. “Кафе махаббат” атты фильмнің түсірілімі бір айға жуық уақыт Жамбыл облысы және Алматы қаласы аумағында жүргізілген, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Ерке Есмахан

Бұл туралы Ерке өзінің Instagram-дағы парақшасында бөлісті. Ол кино әлемінен енді кете алмайтынын мәлімдеді.

“8 сәуір күні басталған біздің “Кафе Маxаббат” кинотуындымыздың түсірілім жұмыстары аяқталды. Мен кино әлеміне келдім, енді кете алмайм-ау… Далаға шықсамда кете алмайм! Бір ай бойы Шу қаласының маңында, кейін Алматыда өткен кинотүсірілім өте қызықты өтті.

Ерке Есмахан

Командамыз мықты. Кәсіби жағы былай тұрсын, барлық әріптестерім жеке-жеке тамаша жандар! Әрқайсысына бауырымдай бауыр басып, жақын достасып алдым. Түсірілім бітті! Алда монтаж жұмыстары, сосын көрсетілім! Ал бүгін алғашқы киномыздың құрметіне бешір! Шайқас отырыс болайын деп тұр”, – дейді Есмахан.

Тағы оқыңыз: 

Лидо купальниктегі суреттері мен ерлерге тән шаш үлгісін сынағандарға жауап берді

Ол шалмен өзім сөйлесемін: Шымкенттік әжей Төреғали ренжіткен павлодарлық қарияны сынап, жұртты күлдірді (видео)

Мейрамбек Бесбаев Әміре Қашаубаевты танымайтын жастарға ренішін білдірді

Қазақстандық кәсіпкер түріктің танымал “Ертұғрыл” телехикаясына түскен

Талқылау