Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ерке Есмахан: Әйелдің бақыты – отбасы (видео)

Ерке Есмахан «Әйел бақыты» атты жаңа әніне бейнебаян түсіруде. Бұл туралы әнші желідегі парақшасында хабарлады.

еркеша

«Мен жеке бейнебаянымның түсірілімін бастап кеттім. Ауа-райы да тамаша, көңіл-күй де өте керемет. Сіздердің маған сәттілік тілегендеріңіз кедергі етпейді. Бүгінгі бейнебаянға қатысы бар адамдардың бәрі жиналды. Қазір түсірілім жұмыстарын бастаймыз», – деді ол.

Желі оқырмандары Еркенің даусына тәнті болып, сәттілік тіледі. Көпшілік әншінің жаңа бейнебаянын асыға күтетіндерін айтты.

“Әйелдің бақыты – отбасы” деп ән салған Еркенің отбасылық өмірде жолы болмады. Ол журналист, танымал тележүргізуші Асхат Садырбаймен некеде тұрған еді. Екеуінің Мүслім есімді ұлдары бар. Қазір ол Ақтөбедегі нағашы әжесінің тәрбиесінде.

Жіберіп алмаңыз: 

Ерке Есмаханның ғашығы оның төсегін гүлмен көмкерді (фото)

Ләйлә Сұлтанқызына қолдау білдірген Есболат Беделхан халықтың жауыздығына қайран қалды

Ұстазы Мейрамбектің жастай «қайын ата» атануының себебін түсіндірді

Жанар Дұғалова тойға аз шақырылатынын мойындады

 

 

Талқылау