Ерке Есмахан Мальдив аралдарындағы отбасылық демалысынан әсерлі сәттерді көрсетті

Қазақстандық әнші Ерке Есмахан Мальдив аралдарындағы демалысынан жаңа фотосуреттер жариялап, оқырмандарының ыстық ықыласына бөленді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Өнер иесі суреттерді әлеуметтік желідегі парақшасына жүктеді. Кадрларда – отбасының жайлы сәттері, аппақ жағалаудағы серуендер және үйлесім мен жылулыққа толы курорттың тыныш атмосферасы бейнеленген.
Әсіресе, балаларымен түскен фотолар жанкүйерлерді ерекше толқытты. Сондай-ақ әншінің ашық түсті жазғы киімдердегі нәзік образдары да көпшіліктің назарын аударды.
Әнші жазбасында уақыттың зымырап жатқанын, кенже ұлының 8 айға толғанын айтты.
“Уақыттың зымырауын байқайсыздар ма? Батырды кеше ғана босанған сияқты едім, ертең 8 айға толайын деп отыр. Шүкір! Жыл өтіп, қасиетті Рамазан айына да жетіп қалдық. Көзді ашып-жұмсақ, жайма-шуақ жаздың да ауылы алыс емес секілді. Сол үшін әр сәтті сезініп, уақытымызды бағалап, ойымызды саралап, мәнді, сәнді, бақытты ғұмыр кешейік”, – деп жазған ол.
Айта кетейік, бұған дейін Ерке Есмаханның әзілі қазақстандықтарға жақпай қалғаны хабарланған еді.
"Бәрі арнайы тапсырыспен жасалған": 62 миллион теңге боспасалады делінген блогерлер жарыссөзде өз нұсқасын айтты