Қазақстанның үстінен ұшып өткен құпия ұшақтың бортында кім болғаны белгілі болды

Фото: Өзбекстан елшілігі
Қазақстан аспанында байқалған "жұмбақ" америкалық әскери ұшақ кімге тиесілі екені анықталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Әскери сарапшы Юрий Кнутовтың айтуынша, Ресей тарапынан ұшаққа ұшуына рұқсат берілген.
БАҚ мәліметінше, ұшақ АҚШ-тағы Эндрюс әскери базасынан ұшып шығып, Швецияның солтүстік бөлігінен өтіп, Мурман облысының үстінен өткен. Содан кейін Архангельск және Киров облыстарынан ұшып, Уфа маңында болған. Ресей–Қазақстан шекарасына жақын Орск қаласы тұсында ұшақ Қазақстан әуе кеңістігіне кірген.
Ресейлік БАҚ пен Telegram-арналар АҚШ-тан ұшып шыққан "анықталмаған" лайнер туралы жазған. Кейбір басылымдар оны АҚШ Әуе күштеріне тиесілі ұшақ деп болжаған. Алайда, gazeta.uz мәліметінше, бұл — Өзбекстан президентінің ұшағы, ол Бейбітшілік кеңесінің саммитінен елге қайтып бара жатқан.
“Ұшақ Вашингтон маңындағы "Эндрюс" әуе базасынан 14:12-де көкке көтеріліп, Канада, Гренландия, Еуропа, Ресей және Қазақстан аумағы арқылы ұшып өтіп, Ташкентке жеткен”, — делінген жарияланымда.
Еске салсақ, Тоқаев Трамптың шақыртуымен АҚШ-қа барғаны туралы хабарлаған едік.
"Денем кез келген уақытта ісіп кетеді": Қазақстандық өзінің ісік ауруымен ауыратынын 50 жылдан кейін ғана білген