Ерекше той: Айым Сейтметова бір күнде ұзатылып, тұрмысқа шықты (видео)
Танымал әртістер Азат Сейтметов пен Данагүл Темірсұлтанова қыздары Айымды ұзатты. Тойдың арты үлену тойымен жалғасты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Актер Азат Сейтметов пен актриса Данагүл Темірсұлтанова қыздарын салтанатымен ұзатып салды. Актриса ретінде танымал Айым Сейтметованың тойы Алматы қаласындағы қымбат мейрамханалардың бірінде өтті.
Бұл қуанышты тойдың ерекшелігі сол, қыз ұзатумен басталған тойдың арты жастардың заңды некесі қиылған үйлену тойына ұласты.

Айым мен Талғаттың тойында әнші Меруерт Түсіпбаева, «МузАрт» тобының серілері Мейрамбек Бесбаев, Сәкен Майғазиев пен Кенжебек Жанәбілов, актер Азамат Сатыбалды, актриса Анар Батырхан мен кәсіпкер Бейбіт Әлібеков қонақ болып, қуаныштарын бөлісті.
Өз кезегінде желі қолданушылары жас актриса мен кәсіпкерге бақыт тілесіп жатыр.
Қазақстандықтар үшін шетелге демалуға ең тиімді айлар аталды
Компания өкілі: "Демалысты кемінде үш ай бұрын брондау арқылы туристер тур құнын 40 пайызға дейін үнемдей алады"
"Денем кез келген уақытта ісіп кетеді": Қазақстандық өзінің ісік ауруымен ауыратынын 50 жылдан кейін ғана білген
Қазақстанда шамамен 700-ден 1500-ге дейін пациент болуы мүмкін