Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ерекше құбылыс: АҚШ-та дәрігер науқастардың ауруын өз денесімен сезіне алады

Дәрігер Джоэл Салинас (Joel Salinas) музыка тыңдағанда, белгілі бір түсті көз алдына елестетеді. Сондай-ақ, ерекше қабілетке ие дәрігер науқастардың дертін өз денесімен сезіне алады.

Ерекше құбылыс: АҚШ-та дәрігер науқастардың ауруын өз денесімен сезіне алады

Бұл туралы BBC-ге сілтеп Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Студент кезінде Джоэл Салинас жүрегі айнығандықтан, дәретханаға жүгірген. Үшінші курста оқитын студент-медик айнадағы өз бейнесіне қарап, тек өмір сүруді қалады. Ол шақта Салинас өзінің қабілеті жайлы білмеген еді. Әр науқас ауырған сайын, бұл дәрігер оның ауруын өз денесімен сезеді. Сол күні, 2008 жылы ол адам өлімінің куәсі болды.

«Бір науқас жүрек талмасына ұшырады. Оның жүрегіне массаж жасап жатқан кезде, көкірек қуысыма қысым түсіп, дем алу түтігі тамағымды тырнап баратынын сезіндім», – дейді дәрігер.

Араға 30 минут салып, науқас көз жұмған соң, Салинас «тыныштықты» сезінген.

Ерекше құбылыс: АҚШ-та дәрігер науқастардың ауруын өз денесімен сезіне алады

«Ештеңе сезбедім, бөлмеде аяқ астынан кондиционер өшіп қалғандай сезім», – дейді ол.

Салинас өзінің тірі екеніне көз жеткізу үшін дәретханаға жүгірген. Сол сәтте ол өзгенің өлімін соншалықты ауыр қабылдамайтынын айтып, өзіне уәде берген.

Айта кетейік, синестезия — бірнеше сезімді біріктіретін феномен. Мұнда әр сезімді бөлек-бөлек сезіну мүмкін емес. Кей адамдар музыка тыңдағанда дәм сезеді, ендігілері әріп не санды белгілі бір түспен байланыстырады.

Ерекше құбылыс: АҚШ-та дәрігер науқастардың ауруын өз денесімен сезіне алады

Салинас бастауыш мектепте қоңырау даусын көк-сары түспен байланыстырған.

«Мектепте оқыған кезде, біртүрлі бала болдым. Себебі «Б» әрпі мен үшін апельсин түстес, ал 1 саны – сары болатын. Қосу мен үшін мәнсіз дүние болатын. 2 саны мен үшін қызыл әрі ана мейіріміне толы, ал 4 саны көк әрі жылы шырайлы болып көрінетін. Енді мен үшін екіні екіге көбейту арқылы төрт санын шығару мүмкін еместей көрінетін», – дейді ақ халатты абзал жан.

Салинас бала күнінен қатарластарынан бөлек жүрген. Ол үнемі анасынан «мені неге ешкім жақсы көрмейді» деп сұрағанын еске алады. Оған бір себеп, Джоэл бала кезінде құшақтасқанды жақсы көретін. Ол құшақ арқылы қауіпсіз сезінетін. Алайда бұл құбылысты басқа балалар қабылдай алмаған. Бұл орайда Джоэл сағаттап теледидар алдында отырғанын айтады. Себебі ол көгілдір экранның арғы жағында бір-бірін құшақтаған жандардың әр әрекетін сезініп отырған.

Ерекше құбылыс: АҚШ-та дәрігер науқастардың ауруын өз денесімен сезіне алады

«Мультфильм кейіпкері тілін көрсеткен сәтте маған өз тілім шығып тұрғандай болатын», – дейді Салинас.

Біреу өзін жайлы сезінсе, Джоэлдың де жағдайы жақсы болатын. Мұны дәрігер жасөспірім шағында түсінген. Жігіт адамдарды емдеу керектігін түсініп, дәрігердің оқуына түскен. Ол өзінің сезімдері жайлы ешкімге тіс жармаған, себебі айналасындағы адамдар да сондай деп ойлаған. Ол қатесін 2005 жылы Үндістанға барған кезінде түсінген. Студенттердің бірі сан мен әріпті байланыстыратын адамдар жайлы айтқан кезде, Салинас ондай қасиет көптеген адамдарға тән екенін айтқан.

«Алайда ол маған қарап: Көпшілік олай жасамайды, деді».

Салинас студент кезінде қатты қиналғанын айтады. Ол ота жасалып жатқан адамға қарағанда, өзі пышақ астына түскендей күй кешетін. Науқас көз жұмған күні Салинас өзінің бұл қасиетімен күресу керектігін түсінген. Ақырында ол өзі қатты таңғалғанда немесе науқас өзіне ұқсаған жағдайда, ауруды қатты сезінетінін анықтаған. Бұған қарсы тұру үшін ол науқастың жеңі мен жағасына көбірек назар аударған.

«Менің науқастарымның денсаулығы мен үшін аса маңызды, себебі ол менің де денсаулығым», – дейді ол.

Қазіргі таңда Салинас Массачусетс ауруханасында жұмыс істейді, сондай-ақ, Гарвард медициналық мектебінде сабақ береді. Бүгінде синестезия жайлы ақпарат көп болғандықтан, ол өзінің қабілеті жайлы қысылмай айта береді.

Тағы оқыңыз: 

Қара, қалың әрі біріккен қасты аққұба қыз желіде танымалдыққа ие болды (фото)

Инеге жіп өткізудің оңай әдісі табылды

Қара, қалың әрі біріккен қасты аққұба қыз желіде танымалдыққа ие болды (фото)

Қытайдағы сауда орталығы бойжеткендерге жігіттерді жалға бере бастады

Талқылау