Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ердостың тісі сынып, Еркіннің көзі көгерді": Бағлан Әбдірайымов жас кезінде бұзық болғанын жасырмады

“Жігіттер” тобының әншісі, актер Бағлан Әбдірайымов жас кезіндегі қызықтарын еске алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: https://www.instagram.com/baglan_abdraimov_official/

Өнер иесі бала күнінен күреске бейім болып, достарын түрлі төбелестен қорғап қалған екен.

“2001 жылы еңбек жолымды кафеде музыкант болып бастағанмын. Ол кезде бір әнге тапсырыс беру құны 200 теңге еді. Сол кездері күніне аз дегенде 2000 теңге табатынбыз. Алатын стипендиям – 3500 теңге. Күндіз оқу, түнде жұмыс. Түріміз мейірімді болғанымен, бір кісідей бұзық едік. Кафеге келген талай клиент жағадан алып, мазаны алатын. Ердостың тісі сынып, Еркіннің көзі көгеріп, Айдар гитарасын құшақтап талай тепкіден де өткенбіз. Үшеуіне мен қарайтынмын🫣 Еркін ерегіседі, мені төбелестіреді. Айдар мен Ердос жазықсыз ілініп кететін. Қанаттарын қатайтып, адам қатарына қостық қой, әйтеуір. Қазір ғой бәрі – қажы. Бала болсақ та, шын дос болдық. 2000 жылдан бері бір нанды бөліп жеп келеміз. Кейін барып Еркін икра қосылған нан жегісі келіп кетті. Уақыт өте нанды бөлек жесек те, дастарханымыз бір болды”, – дейді әнші.



Досының жазбасына Еркін де жауап қайтарып, алғыс айтты. Ал желі қолданушылары мәңгі дос болып қалуды тілеп жатыр. 

“Еркіндігімді ешжерде, ешкімге берген емеспін ғой, Аллаға шүкір! Ал енді мен үшін не істемедіңдер үшеуің? Тәттінің тәттісін, ащының ащысын, орынның жайлысын бердіңдер. Ризамын достарым!”, – деп жазды Еркін Нұржанов. 

Еске салайық, Бағлан Әбдірайымов көшеде қайыр сұрап, елді ойландырып қойған еді. 

 

Талқылау