Ердоғанның сайлаудағы басты қарсыласы Кемаль Кылычдароғлы 110 жылға сотталуы мүмкін – БАҚ
Түркиядағы оппозициялық Халық-республикалық партияның көшбасшысы және президент сайлауындағы экс-кандидат Кемаль Кылычдароғлы 110 жылға сотталуы мүмкін. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Cumhuriyet басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Басылымның шолушысы Барыш Теркоғлының мәліметіне сәйкес Кылычдароғлыда қазір депутаттық қол сұғылмаушылық жоқ. Сондықтан алдағы бірнеше күнде қамауға алынуы мүмкін. Ал қылмыстық іс Анкара прокуратурасына жіберілген.
"Кылычдароғлы қылмыстық жауапқа тартылып, 110 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Сонымен қатар саяси қызметпен шұғылдануға тыйым салынады", – делінген ақпаратта.
Кемаль Кылычдароғлының адвокаты Джелал Челиктің сөзінше, саясаткерге қатысты 28 арыз түскен. Олардың көпшілігі ел президенті Реджеп Тайып Ердоғандікі екен. Сонымен қатар әр арыз бойынша саясаткерге 4 жылға түрмеге қамау жазасы қарастырылған. Барлығын қосқанда 110 жылға тең болады.
Еске салайық, бұған дейін Түркиядағы президент сайлауында Кемаль Кылычдароғлы жеңіліп қалған еді. Кейін ол сайлауды "Түркия тарихындағы ең әділетсіз сайлаулардың бірі" деп атады.
"Дәрінің құны 1,5 миллиард теңге": Бұлшықеті әлсіз қазақстандық бүлдіршінге денсаулық сақтау министрлігі көмек көрсетуден бас тартқан