Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ерболат Досаев тағы бір лауазымынан айырылды

Ерболат Досаев отбасының милиардтаған табысы туралы есеп берді

Ерболат Досаев "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қорының директорлар кеңесінен кетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Қор мұны кадрлық өзгерістерге байланысты деп түсіндірді. Ережеге сәйкес, директорлар кеңесінің құрамына президент әкімшілігі басшысының орынбасары кіреді. Алайда 25 наурызда президенттің жарлығымен Досаев бұл қызметтен босатылып, "Самұрық-Қазына" қорындағы өкілеттігі автоматты түрде аяқталды.

1998 жылы Қазақстан премьер-министрінің кеңесшісі қызметіне тағайындалып, кейін Энергетика, индустрия және сауда вице-министрі болды. 2000 жылы еліміздің Қаржы вице-министрі қызметін атқарды.

2001 жылғы мамырдан 2002 жылғы наурызға дейін Ерболат Досаев Қазақстан Даму Банкінің директорлар кеңесінің төрағасы қызметін атқарды. 2001 жылғы қарашада ол Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау агенттігінің төрағасы болып тағайындалды.

2003 жылғы маусымда Ерболат Досаев Қаржы министрі қызметіне тағайындалып, 2004 жылғы сәуірде Денсаулық сақтау министрі болды.

Ерболат Досаев 2025 жылғы қыркүйекте президент әкімшілігінің орынбасары болып тағайындалған. Бұған дейін, сол жылы мамырда, ол Алматы әкімі қызметінен кеткен.

Еске салсақ, Досаев президент әкімшілігіндегі лауазымынан босатылған еді. 

Қырмызы Скендирова
Бейсенбі, 02 Сәуір, 2026 10:14