Қару мен канистрі бар ер адам Трамптың резиденциясының аумағына заңсыз кірген

АҚШ-тың Құпия қызметінің қызметкерлері Дональд Трамптың Флоридадағы Мар-а-Лаго резиденциясының аумағына заңсыз кірген қаруланған ер адамды атып өлтірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Құпия қызметінің баспасөз хатшысы Энтони Гульельмидің мәлімдеуінше, оқиға оқиға таңертең ерте Мар-а-Лаго поместьесінің аумағында болған. Шамамен 20 жастағы ер адам солтүстік қақпа маңынан табылған. Оның өзімен бірге тапаншасы мен канистрі болған. Қорғалатын нысан аумағына заңсыз кірген оған Құпия қызмет пен полиция қызметкерлері оқ атты.
Бұған дейін де Трампқа қастандық жасалмақ болған. Біріншісі 2024 жылы 13 шілдеде сайлауалды сөз сөйлеу кезінде болды. Трамптың құлағы жараланды, бір көрермен қаза тауып, тағы екі адам зардап шекті. Сахнадан шамамен жүз метр қашықтықта орналасқан өндірістік ғимараттың шатырынан оқ атқан 20 жастағы күдіктіні Құпия қызмет қызметкерлері атып өлтірді.
Екіншісі – 2024 жылы 15 қыркүйекте Трамптың Флоридадағы гольф-клубының маңында болды. Күдікті биыл ақпан айының басында өмір бойына бас бостандығынан айырылды.
Қазақстандықтар үшін шетелге демалуға ең тиімді айлар аталды