Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ер адам тапсырысының ақшасын төлемес үшін қолтығындағы түгін тамаққа салған

Фото: Видеодан скрин

Сиднейдегі бір сәнді мейрамханаға отбасымен келген ер адам тегін тегін тамақтанып кету үшін жиеркенішті әрекетке барды. Оның қолтығындағы түгін алып, тамаққ салып жатқан сәті бейнекамераға түсіп қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

The Rocks ауданындағы Pony Dining мейрамханасы оқиғаның мән-жайын баяндады. 

Алты адам бір отбасы болып келген. News.com.au сайтына берген сұхбатында мейрамхана менеджері отбасының мейрамхананың ең эксклюзивті тағамдары мен сусындарына тапсырыс беріп, 600 доллардан астам ақша жұмсағанын айтты.

“Премиум-класстағы құрғақ әдіспен дайындалған стейктерге, “томагавк” стейгін алдыртты. Оның бағасы нарықтық құнына байланысты 140 доллардан асуы мүмкін”, – дейді мейрамхана қызметкері. 

Кейін олар тағамдарынан шаш табылғанын айтып, ақшаларын қайтаруды талап еткен. Видеода ақ түсті поло және сарғыш түсті шалбар киген ер адамның отбасымен дастарқан басында отырғанын көруге болады. Бірде ол қолын қолтық астына салып, түгін тамағана салған. 

“Біз оларға керемет кешкі ас ұсындық. Барлығы өте таза болды, үстел керемет безендірілген еді. Олардың оғаш мінез-құлқын байқап, бейнебақылау камераларының жазбаларын тексердік. Олар тамақтың ақшасын төлеместен мейрамханадан шығып кетті”, – дейді мейрамхана қызметкерлері.

Pony Dining компаниясының өкілдері видеожазбаны полицияға тапсырған. Алайда полиция ештеңе істей алмайтынын айтқан.

“Біз әдетте, мұндай контентпен бөліспейміз. Тек басқа мейрамханалар да осындай клиенттер туралы білсе екен дейміз”, – деп мәлімдеді мейрамхана өкілдері.

Олар видеоны жариялап, басқа тамақтану орындарының қызметкерлерін мұқият болуға шақырды.  

Айым Болатқызы
Сенбі, 21 Ақпан, 2026 20:32