Ер адам өзін төрт әйел зорлады деп шағымданды
Үндістанның Пенджаб штатындағы Джаландхар қаласының тұрғыны өзін төрт белгісіз әйелдің ұрлап, зорлағанын айтып, шағымданды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі The Mirror порталына сілтеме жасап.

Тері зауытының жасы 20 жастағы қызметкерінің айтуынша, қаланы аралап жүргенде ақ көлікпен төрт әйел келген. Олар бір-бірімен ағылшын тілінде, ал жігітпен пенджаби тілінде сөйлескен. Әйелдер оған адресі жазылған бір жапырақ қағаз беріп, қалай жетуге болатынын сұраған.
Үндістандық жігіт қағазға қараймын деген кезде, бейтаныс әйелдердің бірі оның көзіне бір затты шашыратып жіберіп, жігіт содан кейін есін жоғалтқан. Ал ол оянған кезінде көлікте қолын артына байлап тастаған. Шабуылшылар оны орманға апарып, есірткі мен алкогольдік ішімдікке мәжбүрлеп, зорлаған. Кейін көзін байлап тастап кеткен. Ер адам ақырында өзін-өзі босатып, үйіне оралды.
Полиция тергеу жұмыстарын жүргізуде.
Екі күнде үш рет төтенше жағдайда қонды: Авиация сарапшысы қыс мезгілінде ұшудың қаншалық қауіпті екенін айтты
Абыл Кекілбаев төтенше қонулар авиакомпанияларға тек ерекше жағдайда ғана жасалатынын айтты
Алматылықтар арасында маска мен мұрын фильтрі танымал бола бастады: Лас ауадан қорғайтын құралдар шынымен тиімді ме
Масканың көмегі болуы үшін оның FFP2 немесе N95 түрін таңдау керек