Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ер адам компаниясын сатып, әр қызметкерге 200 миллионнан теңгеден астам сыйақы берді

Ер адам компаниясын сатып, әр қызметкерге 200 миллионнан теңгеден астам сыйақы бердіФото: Fibrebond

АҚШ-тың Луизиана штатында Грэм Уокер “Fibrebond” компаниясын сатып, барлық қызметкеріне жалпы сомасы 240 миллион доллар сыйлықақы берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі The Wall Street Journal басылмына сілтеме жасап хабарлайды. 

Грэм Уокер компания табысының 15 пайызын жаңа қызметкерлерге беруге келісетін кәсіпкерге сатпақ болған. “Fibrebond” қызметкерлері компания акциясының иелері болмағандықтан заң бойынша ешқандай төлем талап ете алмайтын. Уокер өзінің кетіп бара жатқанына қарамастан бұрынғы қызметкерлеріне ынталандыру сыйлығын жасағысы келген.  

Жалпы сома 121 миллиард теңге 540 штаттық қызметкер арасында бөлінді. Орташа есеппен әр қызметкер 443 мың доллар (223 миллион теңге) алады, сыйлықақының мөлшері қызметкердің жұмыс өтіліне байланысты берілді. Сыйақы оларға бес жыл бойы төленеді.

“Fibrebond” қызметкерлері бұл жаңалықты әзіл деп ойлаған, тек шілде айында алғашқы ақша салынған конверттерді алған кезде ғана мұның растығына көзі жеткен. 

“Бұл ақша өмірімізді түбегейлі өзгертті. Көпшілігі сыйлықақының көмегімен ипотека мен басқа қарыздарын өтеді, автомобиль сатып алды, туыстарының оқуын және көші-қонын төледі. Кейбіреулері қаражатты жай болашаққа сақтап қойды”, – дейді қызметкерлер.

“Fibrebond” компаниясын 1982 жылы Уокердің әкесі Клод Уокер құрған. Бастапқыда компанияда тек 12 қызметкер болған, олар электрлік және телекоммуникациялық жабдықтарға арналған қоймалар салумен айналысқан. Кейін қызметкерлер саны көбейген..

Уокерлер әрқашан қызметкерлерге қамқорлық танытып, ең қиын дағдарыс жылдары да жалақыларын төлеп отырған. Компания Eaton корпорациясына біріктіріліп, Грэм Уокерге 1,7 миллиард доллар төленді.

Айым Болатқызы
Жексенбі, 28 Желтоқсан, 2025 18:44