Коронавирус жұқтырған ер адам әйелінің киімін киіп, оның құжаттарымен ұшпақшы болған
Индонезия тұрғыны шілде айының ортасында әйелінің киімін киіп, оның құжаттарымен ұшпақ болған. Жергілікті полицейлер оны ұшақтан қамауға алып кетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ер адам Турнаттағы Джакартадан Citilink ішкі рейсімен ұшатын болған. Бірақ ұшуға аз уақыт қалғанда коронавирус жұқтырғанын тест арқылы білген. Осыған қарамастан ер адам өз жоспарынан бас тартқысы келмеді.
Ол мұсылман әйелдің бас киімін киіп, бетін толығымен жауып, әйелінің құжаттары мен теріс ПТР-тестімен бортқа кірген. Дегенмен, ұшақ салонына кірген соң өз киімін киюді жөн санаған. Ал бұл жағдайды стюардесса байқап, құзырлы органдарға ұстап берген.
Заңсыз жолаушы дереу оқшаулануға күзетпен жіберілді, ал оның карантині аяқталған кезде құжаттарды пайдаланып алаяқтық жасағаны және карантинді бұзғаны үшін қамауға алынды.
"Аяғыма оқ тиіп, кестіруге мәжбүр болдым": Сынаққа сынбаған Паралимпиада чепионы Ербол Хамитов жайлы не білеміз?
Ербол Хамитов Қазақстан тарихында Паралимпиада ойындарында топ жарған алғашқы спортшы атанды
"4 миллион теңге күйіп кетті": Мерекеде қызғалдақ сатқан қазақстандық кәсіпкерлер биыл шығынға батқан
Кәсіпкер: "3000 гүл сатуымыз керек еді, бірақ тек 166 дана қызғалдақ саттық"