Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ер адам 8 жыл бойы тамағында темір таяқшамен жүрген

Фото: mothership.sg

Қытайдың Далянь қаласында 46 жастағы ер адам тамағында 12 сантиметрлік темір таяқша тұрып қалған күйде 8 жыл өмір сүрген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Mothership басылымына сілтеме жасап хабарлады.

Ер адам ауруханаға тамағы қатты ауырғаннан кейін жүгінген. Дәрігерлер тексеру барысында оның жұтқыншағында ұзындығы 12 см болатын темір таяқша бар екенін анықтаған.

Белгілі болғандай, бөгде зат оның тамағына 8 жыл бұрын кіріп кеткен. Ер адам бұл туралы білгенімен, операциядан қорқып, оны алдырмаған. Оның айтуынша, таяқша тыныс алуына кедергі келтірмеген.

Алғашында ол тек жайсыздықты дәрі-дәрмекпен басуға тырысқан. Сонымен қатар, тамақтағы ауырсынуды жиі ішетін алкогольмен байланыстырған. Алайда жақында ол қатты ауырсынудан оянып, жұтына алмай қалған. Осыдан кейін ғана қайтадан дәрігерлерге қаралған.

Дәрігерлер темір таяқшаның тамақтың артқы қабырғасына қадалып тұрғанын анықтады. Соған қарамастан, ол қан кету немесе қатты ісік тудырмаған.

Осылайша, дәрігерлер шағын кесу арқылы таяқшаны сәтті алып шықты.



Еске салайық, бұған дейін Алматыда дәрігерлер 1 жасар баланың ішінен 31 магнит алып шыққанын жаздық. Алматы әкімдігінің мәліметінше, бала 31 магнит жұтып қойып, ішегіне ауыр зақым келіп, перитонит белгілерімен өте ауыр жағдайда жеткізілген. Хирургтер магниттерді алып, жіңішке ішектегі зақымдарды қалпына келтіріп, құрсақ қуысын толық тазарту шараларын жүргізген. Дәрігерлердің айтуынша, бұл ота баланың өмірін сақтап қалудың жалғыз жолы болған.

Айым Атамбаева
Сенбі, 21 Наурыз, 2026 20:10