Ер адам 20 жылдан бері анасы үшін марқұм әпкесінің кейпінде жүр
Желіде 20 жылдан бері әпкесінің кейпінде жүрген қытайлық азамат қызу талқылануда. Ол анасы қызының қазасына қатты қайғырмау үшін осылай жасауды жөн көріпті.
Ер адам Гуанси-Чжуан автономды ауданының Гуйлинь аумағында тұрады. Ол дәстүрлі ципао көйлегін киіп алып, науқас анасының күтімін жасайды.
Анасы қызы көз жұмған соң қайғыдан психологиялық ауруға шалдыққан. Сол күннен бастап ұлы әпкесінің кейпінде киінуді жөн көрген.
Оның айтуынша, ұлы әпкесі секілді киіне бастағанда анасы марқұм қызым қайтып келді деп сенген.
«Содан бері әйел секілді өмір сүрем. Менде ер адамның киімі мүлде жоқ», – дейді 50 жастағы ер адам.
Анасы ұлын нұсқап өзгелерге: «Ол менің қызым, менің үлкен қызым мерт болғанда, осы менің қызым болды» дейді екен.
Ұлы анасы үшін бәріне дайын екенін, сондықтан оған өзгелердің не ойлайтыны қызықтырмайтынын атап өтті.
Желі қолданушылары бұл оқиғаны естіп көзіне жас алды. Кейбірі оның ер адам екенінен күмән келтіріп, трансвестит болуы мүмкін екенін айтты.
Ата-анаға деген құрмет біздің заманымызға дейінгі 400 жыл бұрын Конфуций ілімінде айтылған.
Тағы да оқыңыз:
Қалыңдықтың басына ішімдік құйып мазақ еткен азамат елдің ашуына тиді (видео)
Мың жыл бұрынғы будда монахының денесі мен миы сол күйінде сақталған (фото)
Телефонына үңіліп келе жатқан қыз баспалдақтан құлап көз жұмды (видео)