Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ер адам 20 келі салмақ тастап, арықтаудың құпиясын бөлісті

ер адам арықтаудың құпиясын бөлістіФото: Suzanne Tucker / Shutterstock / Fotodom

Үндістан тұрғыны Прюдхви Чудари жарты жылдың ішінде 20 килограмм салмақ тастап, өз тәсілдерімен бөлісті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі The Times of India порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Ер адам басылымға берген сұхбатында нәтижеге тәртіп пен дұрыс мотивация арқылы қол жеткізгенін айтты.

Чудари тек арықтауды емес, өзіне деген сенімділікті арттыруды мақсат еткен. Сол үшін ол назарды бөлетін барлық факторларды жойып, күн сайынғы өмірін шағын жобадай жоспарлап отырған.

Ең алдымен ол тамақтану әдетін өзгерткен. Чударидің айтуынша, тәтті мен зиянды тағамнан бірден бас тартудың қажеті жоқ, оларды пайдалы баламамен ауыстыру жеткілікті. Мысалы, қанттың орнына қант алмастырғыш қолдану, көбірек жеміс пен жаңғақ жеу дейді ер адам.

Сонымен қатар ол рационына ақуызды көбейтіп, күніне үш литр су іше бастаған. Калорияны бақылауға арнайы қосымша көмектескен.

Чудари спортпен тұрақты түрде айналыса бастап, қатаң ұйқы режимін енгізген. Күн сайын 21:30-да ұйықтап, 5:30-да оянуға тырысады. Оның айтуынша, сапалы ұйқы тәбетті реттеп, бұлшықеттерді қалпына келтіреді.


Маман адам өміріндегі ең қауіпті кезеңді атады


Мамандар миға ең зиян азық-түліктерді атады


Еске салайық, бұған дейін 29 жастағы диетолог Синтия Донован той алдында мінсіз көріну үшін тым қатты арықтауға тырысқан. Қатаң диета мен шамадан тыс жаттығу оның етеккірінің тоқтауына әкеліп, дәрігерлер оған функционалды гипоталамустық аменорея диагнозын қойған. Мамандар тамақты көбейтіп, жаттығуды азайтуға кеңес берген. Бірнеше жылға созылған емнен кейін ғана ол қайтадан ана атанып, дені сау ұл баланы дүниеге әкелген.

Айым Атамбаева
Сенбі, 06 Желтоқсан, 2025 20:35