Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ер адам 12 жыл бойы күніне небәрі 30 минуттан ұйықтаған: Ол осылайша өмірін "ұзартқысы" келеді

Фото: Daisuke Hori/Facebook

Жапонияның батысындағы Хиогода тұратын 40 жастағы Дайсуке Хори көп жыл бойы түнде 30 минут қана ұйықтаған. Бұл оның денсаулығының жақсаруы, демалуы және өнімділігін арттыруы үшін жеткілікті. Хори өзінің денесі мен ақыл-ойын осы режимге үйреткенін және оның денесі аз ұйқыға қарамастан қалыпты жұмысын жалғастыратынын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Хори – музыканы, сурет салуды, механикалық дизайнды, спортты және өте қысқа ұйқыны ұнататын кәсіпкер. Жапон азаматы күні бойы уақыты көп әрі белсенді болу үшін 12 жыл бұрын ұйқысын қысқарта бастаған. Осылайша ол өз өмірін "екі есе ұлғайтуды" қалаған. 

Хоридің айтуынша, ол түнгі сағат 02.30-да ұйықтап, таңғы 3-те тұрып алады екен. Алғашында оны ұйқы басатынын айтады, бірақ жапониялық оны жеңудің әдісін біледі. 

"Егер тамақтануға бір сағат қалғанда спортпен шұғылдансаңыз немесе кофе ішсеңіз, ұйқышылдықтан құтылуға болады", — деп бөлісті ол өз әдісін.

2016 жылы ол тіпті "Жапон қысқа ұйқы білім беру қауымдастығын" құрды, онда ер азамат ұйқы және денсаулық бойынша тренинг өткізеді.

Ол сондай-ақ ұйқының санынан гөрі сапасы маңызды дейді. Әсіресе тұрақты концентрацияны қажет ететін адамдар үшін таптырмас құрал екен.

"Жұмысқа үнемі назар аударуды қажет ететін адамдар тым көп ұйқыға қарағанда сапалы ұйқыны пайдаланады. Мәселен, дәрігерлер мен өрт сөндірушілердің демалу уақыты қысқа, дегенмен олар жоғары өнімділік деңгейін сақтайды", – деді Хори.

Жапония телеарнасы үш күн бойы Хоридің өмірін нақты уақытта бақылап отырды. Журналистер оның шын мәнінде күніне жарты сағат ұйықтайтынын көрсетті. Бір күні ер адам небәрі 26 минуттан кейін оянып, сергек, энергияға толы, "анық көзқараспен" оянған. Ол таңғы ас пен қарқынды жаттығудан кейін жұмысқа жол тартты.

Хори өзінің Қысқа ұйқы қауымдастығында қазірдің өзінде 2100-ге жуық студентті оқытты, шәкірттер қазір де сергектік рекордтарын жаңартып жатыр. Студенттердің бірі теледидарға оның ұйқысын бірте-бірте сегіз сағаттан 90 минутқа дейін қысқартқанын және төрт жыл бойы бұл режимді сақтағанын айтты. Cөзінше, физикалық және психикалық денсаулығына ешқандай зақым келмеген.

Тәулігіне небәрі 30 минут ұйықтау қандай салдарға әкеледі?

Дайсукэ Хоридің феномені мен тарихы әлеуметтік желілерде қызу талқыланып, әртүрлі пікірлер туғызды. Біреулер оны "тайм-менеджменттің шебері" деп атап, дәл осылай аз ұйықтауды үйренгісі келетінін, өмірді көбірек сүру мен жұмыс кезінде тиімді болуды армандайтынын жазды. Ал басқалар мұндай режим денеден күш-қуатты қарызға алып тұратынын және түптің түбінде өмірді керісінше қысқартуы мүмкін екенін жазды. "Бұл — өмірді алдын ала жұмсау! Миды ояу ұстауға болатын шығар, бірақ жүрек мұндайға ұзақ төзе алмайды", – деді қолданушылар.

Бұл пікірлермен дәрігерлер де келіседі: мамандар дәстүрлі түрде ересек адамға демалып, ағзаның барлық жүйесін, соның ішінде миды қалпына келтіру үшін күніне кемінде жеті-тоғыз сағат ұйқы қажет екенін айтады. Неврологтар қысқа ұйқыны тәжірибе ретінде қолданбауға кеңес береді, әсіресе, оны бәріне ортақ кеңес деп қарастыруға болмайды.

Тіпті денсаулығы мықты адамның өзі ультрақысқа ұйқының кері әсерлеріне ұшырауы мүмкін, ал созылмалы аурулары бар адамдар үшін бұл тіпті қауіпті. Хоридің әдістерін түсіндіре отырып, Хуачжун ғылым және технология университетінің ауруханасының неврологы Го Фэй мынаны атап өтті: дұрыс әрі жеткілікті ұйқы болмаған жағдайда адамның есте сақтау қабілеті нашарлап, иммунитеті әлсірейді, депрессиялық күйге түсіп, жүрек-қан тамырлары ауруларына шалдығу қаупі артады.

Айнұр Мұхади
Дүйсенбі, 02 Маусым, 2025 15:09
Талқылау