Атырау облысында енесін пышақтап өлтірген әйел жазадан құтылып кетті

Атырау облыстық сотында енесін өлтірді деп айыпталған 39 жастағы әйелге қатысты қылмыстық іс қаралды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Сот мәліметінше, 2025 жылдың 10 мамырда айыпталушының күйеуі 1942 жылы туған, төсекке таңылған қарт анасын күтім жасау үшін Жасқайрат ауылындағы үйіне алып келген. Алайда оның жұбайы бұған қарсы болып, соның салдарынан отбасында жанжал туындаған.
“27 мамыр күні күйеуінің үйде жоқтығын пайдаланып, әйел дәрменсіз енесінің бас тұсына ас үй пышағымен 4–5 рет соққы жасаған. Жәбірленуші аудандық ауруханада көз жұмды”, – делінген Атырау облыстық сотының хабарламасында.
Петропавлда теледидар пульті кісі өліміне себеп болды
Кешенді сот-психиатриялық сараптама айыпталушының созылмалы психикалық науқас “параноидты шизофрениямен” ауыратынын анықтады. Денсаулық жағдайына байланысты әйел сот отырыстарына қатыса алмаған.
"Сот әйелдің қылмыстық кодексінің 99-бабы 2-бөлігінің 3-тармағында көзделген "дәрменсіз күйде екені алдын ала белгілі адамды өлтіру" қылмысын есі дұрыс емес жағдайда жасағаны туралы қорытындыға келді, ол қылмыстық жауаптылықтан босатылды", – делінген сот хабарламасында.
Сотталушы есі дұрыс емес деп танылып, қылмыстық жауапкершіліктен босатылды. Оған мамандандырылған психиатриялық ауруханада мәжбүрлі ем тағайындалды.
Еске салсақ, бұған дейін Ақтөбеде күйеуін өлтірді деп айыпталған 37 жастағы әйел сот залынан босатылғаны туралы жазған едік.
25 мың теңгелік автотұрақ: Көк Төбеде туристер есебінен кім табыс тауып отыр?