Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Энергетикалық сусындар харам ба – ҚМДБ үкім айтты

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы тұтынуға рұқсат етілген энергетикалық сусындар туралы айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: pixabay.com

Энергетикалық сусындар алкогольсіз және алкогольді болып бөлінеді. Егер сусынның құрамында алкоголь, зиянды немесе тыйым салынған заттар болмаса, оны тұтынуға рұқсат. Десе де басқарма адам денсаулығына зиянды компоненттері бар сусындар да атап өтті.

“Энергетикалық сусындардың құрамында алкоголь аз мөлшерде болса да, оны ішуге тыйым салынады. Пайғамбарымыз “Мас ететін нәрсенің азы да, көбі де – харам” деп айтқан”, – делінген хабарламада.



Мүфтият энергетикалық сусындарды жиі тұтыну денсаулыққа теріс әсер ететінін медициналық зерттеулер растайтынын алға тартады.

“Энергетикалық сусындарды жиі қолдану (жүрекке, жүйке жүйесіне, қан қысымының жоғарылауына, қант диабетіне, семіздікке, аяқ-қолдың діріліне әкеліп соғады. Сондықтан мұсылмандарға мұндай сусындардан бас тарту ұсынылады”, – деп мәлімдеді мүфтият.

Бұған дейін мамандар “Алкотестер қымыз ішкен адамды мас деп көрсете ме?” деген сұраққа жауап берген еді. 

Талқылау