Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда уақыт белдеуі өзгергеннен кейін энергия тұтыну деңгейі артты – Министр

Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Қазақстанда уақыт белдеуі өзгергеннен кейін кешкі уақытта энергия тұтынудың артқанын растады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Самұрық-Қазына компаниясы

Министр Сәтқалиев Қазақстанның сырттан электр энергиясын көбірек сатып ала бастағанын атап өтті. Бірақ бұл елде жақында жүргізілген ауқымды жөндеу науқанымен байланысты екенін түсіндірді. Жөндеу кезінде станциялар жұмысын тоқтатқандықтан, электр энергиясы уақытша шетелден сатып алынған.

Журналистер бірыңғай уақыт белдеуіне көшу тұрғындардың электр энергиясы үшін төлемдерінің өсуіне әкелгеніне назар аударды. Алайда министр бұл өсімді электр энергиясын тұтынудың артуымен емес, тарифтердің көтерілуімен байланыстырды.

"Егер электр энергиясын тұтынудың өсуі туралы айтсақ, бұл туралы жүйелік оператордың қорытындысы бар деп ойлаймын. Жалпы, Қазақстанда тұтыну көлемінің артуы халықтың әл-ауқатының жақсаруымен байланысты екенін көрсетеді. Сондай-ақ энергияны көп қажет ететін жаңа өндірістердің іске қосылуы да әсер етіп отыр. Уақыт белдеуінің ауысуына байланысты фактор шамалы ғана әсер етті", – деді Сәтқалиев.  



Еске салайық, бұған дейін депутаттар уақыт белдеуі мәселесі мәжіліс отырысында қаралатынын айтты. 1 наурызда Қазақстанның барлық аймағы бір уақыт белдеуіне ауысты. Алайда бірыңғай уақыт белдеуіне көшкеннен кейін қазақстандықтар жарыққа көп шығындалатын болды. Наурызда ел тұрғындары ақпан айымен салыстырғанда электр энергиясын 364 млн кВт/сағат артық пайдаланған. Бұдан бөлек бірыңғай уақыт белдеуіне қарсы петиция 50 мың қол жинағаны туралы жазған едік. Ал министрлік бірыңғай уақыт белдеуіне қарсы петицияны қанағаттандырмай қойды.

Талқылау