Енемдікі дұрыс: Жұлдыз Әбдікәрімова өзін 10 жыл бойы жасырып ұстаған енесінің әрекетін қолдайтынын айтты (фото)
«Гүлзира ханшайым 25+25!» Айдарбекова меншікті мерекесінің тақырыбын дәл осылай атапты. Отандық шоу-бизнес өкілдерінің басын қосқан кешті тойлау продюсердің жоспарында болмаған. Жанұясының қолдауымен өткен мерейтойға Stan.kz ақпараттық агенттігінің тілшісі де қатысып қайтқан болатын.
«Біз негізі дайындалмаймыз. Құттықтаушылар көп болғаннан кейін, 3-4 күн бұрын ғана 50 жас қой, той жасайық деп шештік. Оның үстіне балаларым да, келіндерім де ұшып келеміз дегеннен кейін тойлап жіберейік дедік. Тойға кеткен қаржыны мен төлемеймін. Жолдасым бар. Балаларым бар. Қанша қаржы кеткенін білмеймін. Олар маған айтпайды. Менің туған күніме жасаған сыйы деп білемін», – дейді Гүлзира Айдарбекова.
Бұл кеште продюсердің жұбайы Нұртас, үш ұлы мен екі келіні бой көрсеткенімен, таяуда ғана халыққа таныстырғаен төрт немересін тойға әкелмеген.
«Бүгін балаларым келген жоқ! Балаларды Астанадан алып келген жоқпыз. Оқулары бар деген сияқты. Оқудан қалдырмау керек. Оған қос түрлі үйірмелері бар. Оларды сабақтан айыру мүмкін емес. Үйде көмекші қыздар бар. Сабаққа апарып, алып келетін адамдар бар. Сондықтан өзіміз ғана келдік», – дейді Қайрат Нұртас.
Жұлдыз Әбдікәрімова бұл күні енесінің тарапына айтылған сындарға да жауап берді. Қайраттың жұбайы 10 жыл бой келінін жұрттан жасырған Айдарбекованың қадамына қатысты тың ақпаратпен бөлісті.
«Әр отбасының өзіндік заңдылығы, ұстанымы болады. Жаңадан шаңырақ көтерген жас жұбайларға танымалдылық деген артық. Елдің алдына шығу кедергі. Мен өзім жайлы айтып жатырмын. Мен жаңа келін болып түскен кезімде, маған бәрі жаңаша болды. Егер мен сол кезде шығып, танымал болатын болсам, маған кедергі болатын еді. Сондықтан енемнің бұл ұстанымы өте дұрыс деп ойлаймын.
Ал, Нұртас Айдарбеков осы уақытқа дейін отбасылық талаптарды орындап, енесінің сөзін екі етпеген келіні Жұлдызға дән риза.
«Тіл-көзім тасқа. 10 жыл Қайраттай жігітке әйел болып, үндемей отыру деген ерлік. Мен тіпті өзімнің әйелім Гүлзираны да олай көз алдыма елестете алмаймын. Мүмкін ол да отырмас па еді. Жұлдызға алғашқыда айттық, түсіндірдік, Болды, ешқандай сөзге келген жоқ», – дейді Нұртас Айдарбеков.
Айтпақшы, биыл бұл отбасында айтулы күндер көп екен. Күні кеше продюсер 50 жасын тойласа, Нұртас пен Гүлзираның отбасылық одағына да 30 жыл болыпты. Сондай-ақ, бүгін Қайраттың жұбайы Жұлдыз Әбдікәрімова 30 жасқа толып жатыр.
Оқи отырыңыз:
Гүлзира Айдарбекованың 50 жасқа толуына орай келіндерінің жасаған сыйлығы жұртты сүйсіндірді (видео)
Танымал кәсіпкер Мұхтар Шахановтың пәтерақы қарыздарын төлеп беретін болды
Айсәуле Бақытбек әкесінің жағдайын білуге жиі бармауының себебін ашып айтты
Отандық жұлдыздар фонограммаға қатысты өз ойларын ашық айтты