Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Денесін арақпен сүртемін деп немересі көз жұмған": Қазақстандық келіндер енелерінің бала өміріне қауіп төндірген сәттерін жаппай бөлісіп жатыр

Ене мен келін Threds оқиғаФото: Chatgpt.com

Желіде қазақстандық әйелдер енесі немересінің денсаулығына қауіп төндірген сәттерін жаппай бөлісіп жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Threads желісінің қолданушысы жазба жариялап, әпкесінің бұрынғы енесінің кесірінен жиенінің ауруханадан бір-ақ шыққанын айтты. Оның сөзінше, жиенінің жаңғақтың кез келген түріне аллергиясы бар. Әпкесі бұл туралы бұрынғы күйеуі мен енесіне алдын ала ескерткенімен, енесі балаға жаңғақ қосылған тәтті берген, салдарынан оның жағдайы күрт нашарлаған.

“Менің немере әпкем үш ай бұрын күйеуімен ажырасып кетті. Енесі баланы өздерінде қалдыру үшін жанын салып жүрді. Бірақ бала әпкемде қалды. Әпкем баласының әкесімен және оның отбасымен араласуына тыйым салмайды. Сенбі күні бұрынғы күйеуі баланы анасының туған күніне алып кеткен. Біз бүкіл отбасымызбен сәбидің кез келген жаңғаққа аллергиясы бар екенін білеміз. Өйткені қонақ шақырсақ, ол абайсызда жеп қоймауы үшін жаңғақтың кез келген түрін дастарқанға мүлде қоймаймыз. Әпкем бұл туралы бұрынғы күйеуіне де, енесіне де жазып ескерткен. Ал енесі не істеді? Балаға жержаңғақтан жасалған батончик беріпті. “Сенің шешең Instagram-дағы ақпаратқа тойып алып, аллергияны өзі ойлап тапқан, біздің тұқымда ешкімде аллергия болған емес!” деген. Салдары – Квинке ісінуі, ауруханада үлкен жанжал, ананың ұйқысыз түні, оған қоса әпкемнің қатты сөйлегеніне ренжіп қалған бір өкпелі ене. Ал әкесі не дегенін білесіз бе? “Мен ол аллергияны қайдан білейін?!” Әлгі хабарламаны көзбен емес, басқа жерімен оқыған сияқты. Сосын Threads-те “Неге балаларды әкелеріне қалдырмайды?” деп ақылгөйситіндер шығады!” – деп жазған ол.

“Енемнің кесірінен тұңғышым көз жұмды”

Осы тұста желі қолданушылары да өз оқиғаларын бөлісті.

Мәселен “vin_bordeaux” парақшасының авторы осындай немқұрайлылықтың кесірінен таныс достарының қызы өмірден өткенін жазды.

“Достарымыздың анасы өз немересін өлтіріп алған еді. Баланың дене қызуы көтеріледі, жедел-жәрдем келіп дене қызуын түсіріп, дәкені жылы сумен сулап, денесін сүртуді тапсырған. Ал енесі келіннің қарсылығана қарамастан, денесін сумен емес, арақпен сүрткен. Салдарынан дене қызуы бірден көтеріліп, қыз ауруханаға жолда көз жұмды”, – деп жазған ол.

Тағы бір “asya20935” қолданушысы енесі желтоқсанның суығында өзін екі баламен үйден қуып шыққанын айтқан.

“Менің енем желтоқсанның суық күнінде мені екі кішкентай баламмен қуып шықты. Кенжеме әлі 9 ай толмаған да еді. Баратын жерім мен қаражатым болмағандықтан, уақытша салынған үйді жалға алдық. Тұңғышым қайтыс болды, бізді аман алып қала алды”, – деп жазған ол.

Threads қолданушылары оқиғаларын бөлісті

“imanovazh” қолданушысының енесі 10 айлық нәрестеге қақталған шұжық берген.

“Менің енем 10 айлық балама тоңазытқышта бір ай бойы жатқан қақталған шұжық берген. Ұлым құсып жатқанда шұжықты балаға не үшін бергенін сұрадым. Ал енем “Болды! Енді балаңды өзің тамақтандыр! Балаңа ешнәрсе бермеймін” де п ренжіп қалды. Салдарынан ұлымның әнжісі қан аралас болды. Ішек инфекциясы диагнозы қойылды, қанша дәрі қабылдады, өте қатты арықтап кетті”, – деп жазған ол.

Келесі қолданушысының айтуынша, бір танысының енесі немересін ауруханаға апаруға рұқсат бермей қойған, ал бала бөлмеде көз жұмған.

“Бір оқиға есіме түсіп тұр, енесі немересін ауруханаға апаруға рұқсат бермей қойған, өйткені олар қонақ күтіп жатқан. Бала бөлмеде әкесінің жанында қайтыс болды, ал анасы ол уақытта қонақ күтіп жүрген”, – деп жазды ол.

Threads қолданушылары оқиғаларын бөлістіАл “belka_strelka777” парақшасының иесі енесінің немересіне түрлі тамақ бергенінің әсерінен 3 жастағы қызы инфекциялық ауруханада жатқанын бөлісті.

“Енем мен баламды көп дүниеден құр қалдырып отыр деп ашуланатын. Тұздалған қияр, тұздалған балық, түшпара секілді тағамды көп беретін. Салдарынан балам ем қабылдап, инфекциялық ауруханада жатты. Кейінірек қызым апасының осындай түскі асынан кейін ісініп, медбике жарты сағат бойы тамырын таппай, қиналдық”, – деп жазды олар.

Айта кетейік, бұған дейін ата-анамызды асырауға міндеттіміз бе деген сұрақ қазақстандықтардың пікірін екіге бөлгені хабарланған еді.

Балнұр Жұмаділла
Дүйсенбі, 01 Желтоқсан, 2025 18:44