Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Енді төбелеспеймін": Төреғали Төреәлі желіде астарлы әзілге толы видео жариялады

Төреғали Төреәлі Көлсай көлі маңында гидті соққыға жығып басы дауға қалғаннан кейін арты татуласумен аяқталған болатын. Әнші осы оқиғадан соң Instagram желісіне “енді төбелеспеймін” деп әзілге толы видео жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Әнші “Менің атым Қожа” филімінің үзіндісіне пародия жасаған. 

"Ертеңнен бастап тентек болып бірде-бір баламен төбелеспеймін. Егер өзі тиіссе ше?! Онда "қой" де, "әйтпесе көкеңді танытамын" де. Егер қоймаса ше?”,- деді әнші айна алдында тұрып.

Мұны көрген оқырмандардың кейбірі қолдау көрсетіп, бір күліп алғандарын айтса, кейбірі намыстанып, әншіні сынай түсті.

"Емделу керек шығар. Қарапайым халықпен ойнағаның дұрыс болмады”, “Сонда әр бес жылда өзің әдейі хайп жасап отырсың ба? Халқыңмен ойнама!", "Әй, Төреш, өлтірдің күлкіден",- деп жазды олар.

Еске салсақ Алматы облысындағы "Көлсай көлдері" ұлттық паркінде Төреғали Төреәлі гид қызметіндегі жігітті ұрып, жаман сөздері мен әдепсіз әрекеті үшін көпшіліктің талқысына түсіп, жауапқа тартылған еді. 

Талқылау