12 наурыздан бастап рөлде телефонмен сөйлескендер мен қауіпсіздік белдігін тақпағандарды камералар анықтайды

Қазақстанда 12 наурыздан бастап жол ережесін бұзғандарды анықтауды жеңілдететін өзгерістер күшіне енді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
ІІМ мәліметінше, жаңа тыйымдар енгізілген жоқ, тек полицияға бұрыннан бар заңбұзушылықтарды анықтауға мүмкіндік беретін техникалық құралдар көбейді.
Бұған дейін бейнебақылау камералары жолдағы алты түрлі заңбұзушылықты ғана тіркей алатын. Мысалы қызыл шамға өту немесе жылдамдықты асыру. Ал басқа тәртіп бұзушылықтарды анықтау үшін міндетті түрде полиция қызметкері қажет еді.
Енді полицияға камералардан бөлек жаңа технологиялар көмектеседі.
Қазақстанда енді әкімшілік тәртіп бұзушылықтарға да автоматты түрде айыппұл салынады
Автоматты камералар арнайы өлшеу құралдарын қажет етпейтін заңбұзушылықтарды да анықтай алады. Мәселен көлік жүргізіп келе жатып телефонмен сөйлесу немесе қауіпсіздік белдігін тақпау.
Сонымен қатар мемлекеттік деректер базасы да пайдаланылады. Оның көмегімен көліктің техникалық тексеріс мерзімі өтіп кеткенін немесе сақтандыру полисінің жоқ екенін автоматты түрде анықтауға болады.
Жолда кептеліс тудыру немесе жарық шамдарын дұрыс пайдаланбау сияқты жағдайларда да жүйе автоматты түрде ескерту жасай алады.
Айта кетейік, бұған дейін полиция Қазақстанда камералар екі кең тараған бұзушылықты тіркей бастайтынына қатысты ескерту жасағаны хабарланған еді.
Еміне 1,5 миллиард теңге қажет: Қазақстандық 7 жасар баланың бұлшықеттері әлсізденіп, жүруі қиындаған