Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Енді Назарбаевтың отбасы мүшелерін жауапқа тартуға бола ма –  Министр жауап берді

Тұңғыш президент туралы заң күшін жойғаннан кейін Назарбаевтың жақын туыстарын қылмыстық жауапқа тартуға бола ма? Бұл сұраққа Әділет министрі Азамат Есқараев жауап берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Парламенттің бірлескен отырысынан кейін журналистер Есқараевтан егер Назарбаевтың отбасы мүшелері бұған дейін қылмыс жасағаны анықталса, олар қылмыстық жауапқа тартыла ма деп сұрады.

"Заң бойынша тиісуге болмайтыны, қамтамасыз ету туралы кепілдіктер тек экс-президенттерге қарастырылған. Отбасы мүшелеріне көзделмеген. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, өкілетті органдар қарайды, егер анықталып жатса, тиісті шешім қабылдайды", - деді министр.

"Егер Қазақстан азаматы олардың үстінен арыз жазса, іс қарала ма?" деп нақтылады БАҚ өкілдері.

"Заңнамаға сәйкес арыз жазса, өкілетті органдар қарауға тиіс", -деп жауап берді Есқараев.

13 қаңтарда парламент депутаттары "Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті - Елбасы туралы" Конституциялық заңның күшi жойылды деп тану туралы" Конституциялық заңды қабылдады. Құжатқа президент қол қоюы керек.

Заң күшін жойғаннан кейін Назарбаевтың отбасы мүшелері барлық артықшылық пен кепілдіктен айырылады.

Бұнымен қоса заңда экс-президенттер құқықтарының кепiлдiктерi туралы норма бар.

Оған сәйкес, республиканың экс-президентi, мемлекетке опасыздық жасаған жағдайларды қоспағанда, өзiнiң республика президентi өкiлеттiгiн атқаруымен байланысты iс-әрекетi үшiн жауап бермейдi. 

Сонымен қатар әлеуметтік қамсыздандыру, экс-президенттің күзеті, көлік қызметін көрсету жөнінде, қызметтік саяжай мен пәтер бойынша нақты нормалар қарастырылған. Президент шешімімімен президент жалақысының 80 пайызы зейнетақы ретінде төленеді. Экс-президенттің жеке басына, оның ар-ожданы мен мәртебесіне қол сұғуға болмайды және ондай қол сұғу заңмен қудаланады. 

Талқылау