Назарбаевтың жеке өмірі мен денсаулығы туралы ақпарат мемлекеттік құпия болмақ
12 желтоқсанда сенат депутаттары"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік білім беру жинақтаушы жүйесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу, білім беру саласындағы шектен тыс заңнамалық реттеуді жою туралы" заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады. Сонымен қатар "Мемлекеттік құпиялар туралы" заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Заң жобасы президенттің және оның отбасы мүшелерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету әдістері туралы, президенттің денсаулығы мен жеке өмірі туралы мәліметтерді мемлекеттік құпиялар қатарына қосуды көздейді. Бұл экс-президенттерге де қатысты.
"Мемлекеттік құпиялар туралы" заңында барлау, жедел-іздестіру және өзге де қызмет саласындағы мемлекеттік құпияларға жатқызудан басқа, қауіпсіздікті қамтамасыз етудің ұйымы, күштері, құралдары мен әдістері туралы мәліметтер енгізіледі. Президент, бұрынғы президент денсаулығы мен жеке өмiрiнiң жай-күйi туралы мәлiметтер де соған қосылады”, – делінген заң жобасында.
Бұған дейін бұл түзетулер Мәжілісте талқыланбаған. Олар бастапқыда басқа заң жобасына қосылды.
Шымбұлақтан да үлкен жаңа Көкжайлау тау шаңғысы курорты салынады: Жоба алматылықтар үшін не береді
Дәл осы жобада жеке виллалардың салынбайтыны нормативтік құжатпен нақты бекітілуі қажет дейді Ержан Еркінбаев
"Әлемде мейірім барына сендіретін жандар": 2025 жылғы жан жылытар әрекеттер мен халықты тәнті еткен қазақстандықтар
Желі қолданушыларын тәнті еткен халық арасындағы қаһарман кейіпкерлердің әрекеттеріне шолу жасадық