Енді құжатты түнде де алып кете аласыз: Қазақстандағы Халыққа қызмет көрсету орталықтарында постаматтар пайда болды

Қазақстандықтар дайын құжаттарын енді ХҚКО-дан тәуліктің кез келген уақытында ала алады. Ол үшін құжатты рәсімдеу кезінде постамат арқылы алу тәсілін таңдап, SMS-код пен биометриялық сәйкестендіру арқылы өз бетінше алып кету жеткілікті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының хабарлауынша, бұл мүмкіндікті тәулік бойы, демалыссыз жұмыс істейтін постаматтар құжаттарды автоматты түрде беретін пункттер қамтамасыз етеді.
Постамат қызметі қалай жұмыс істейді?
Постамат азаматқа көрсетілген қызмет нәтижесін жеке ұяшық арқылы өз бетінше алуға мүмкіндік береді.
- Құжат дайын болған соң, азаматтың телефонына келетін жеке код арқылы ұяшық ашылады;
- Құжатты алу үшін биометриялық сәйкестендіруден өту қажет.
Қазір постаматтар Қазақстанның 10 өңірінде жұмыс істейді. Бәрі 14 құрылғы орнатылған. Олар арқылы 19 түрлі мемлекеттік қызметтің дайын құжаттарын алуға болады, соның ішінде:
- туу, неке қию, некені бұзу және қайтыс болу туралы куәліктердің қайталама нұсқалары;
- архивтік анықтамалар;
- аттестаттар мен дипломдардың телнұсқалары.
Постаматтарды қай өңірлерде жиі пайдаланады?
2025 жылдың қорытындысы бойынша бұл қызметті ең көп пайдаланғандар Семей, Тараз және Түркістан қалаларының тұрғындары.
Құжатты алу тәртібі:
- ХҚКО-да қызметті рәсімдеу кезінде құжатты постамат арқылы алу тәсілін таңдау қажет;
- Құжат дайын болғаны туралы SMS келгеннен кейін оны үш күн ішінде алып кетуге болады;
- Егер құжат уақытында алынбаса, ол ХҚКО қызметкері арқылы стандартты тәртіппен беруге қайтарылады. 2026 жылы қызмет құны 518 теңге.
Постаматтардың артықшылықтары
Постамат қызметі:
- мемлекеттік қызметтерді алу мүмкіндігін кеңейтеді;
- жұмыс уақытында ХҚКО-ға бара алмайтын азаматтарға ыңғайлы;
- тәулік бойы, демалыссыз және мереке күндері де жұмыс істейді.
Постамат орнатылған ХҚКО мекенжайлары
- Астанада Керей, Жәнібек хандар көшесі, 4;
- Астанада Республика даңғылы, 43;
- Алматыда (Медеу ауданы) Марков көшесі, 44;
- Алматыда (Әуезов ауданы) Жандосов көшесі, 51;
- Алматыда (Алатау ауданы) Нұркент ықшамауданы, 5/17;
- Шымкентте (Әл-Фараби ауданы) Жангелдин көшесі, 13А;
- Шымкентте (Қаратау ауданы) Төлеметов көшесі, 35;
- Таразда Төле би даңғылы, 89Г;
- Қордай ауданында Батыс тұрғын алабы, 25;
- Қарағандыда Шахтерлер даңғылы, 5/2;
- Қызылордада Астана даңғылы, 46;
- Павлодарда Павлов көшесі, 48;
- Түркістанда 160 квартал, 236-ғимарат;
- Семейде Папанин көшесі, 34А.
- Еңбек кітапшасын жоғалтып алған: Танымал продюсер зейнетке шыға алмай жүргенін айтып берді
-
Шымкентте заңсыз жүргізуші куәлігін сатқан ХҚКО-ның 15 қызметкеріне сот үкімі шықты
Еске салайық, бұған дейін қазақстандықтар баланың туу туралы куәлігін постаматтар арқылы ала алатынын жазған едік. Министрлік те елде құжат рәсімдеу мен алуды оңайлату үшін цифрлық қызметтер біртіндеп іске қосылып келе жатқаныне айтқан еді.
"18 жыл бойы несиесін өзім төледім": Ақтөбеде 72 жастағы зейнеткер жалғыз ұлымен үйді бөлісе алмай жүр