Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Көкпарда тартылатын серкені не нәрсемен алмастырды (видео)

Алдағы уақытта көкпар ойынындағы серке біржолата алынып тасталуы мүмкін. Сала мамандары ұлттық спортты халықаралық деңгейге шығару үшін осындай қадамға бару керек деп отыр. Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

“Әрине жаттығуда, ойында осы муляжбен шабу керекпіз. Сол кезде қан болмайды. Көкпар жақсы дегенімен, бәрі серкені көреді де, ой мынау қалаға керек емес, айдалада шаба беріңдер дейді. Енді жасанды серкеге ауысып, сонымен қалаға кіру керекпіз”, – дейді Данияр Дәукей.

енен

Алайда ауылдық жерлерде сол серке күйінде қала бермек. Әйтседе көкпарға енгізілгелі отырған бұл өзгеріс жаппай көңілден шығып жатыр деп айтуға келмейді. Мәселен, грек-рим күресінен олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіров бұған түбегейлі қарсы болып шықты.

Ушкемпиров

“Анау айтты, мынау айтты деп сол муляжды тарта береміз бе? Ол дәстүрге жатпайтын нәрсе. Біз ата-бабамыздан қалған мұраны лайықты жалғастыруымыз керек”, – дейді балуан.

Спортшының сөзін тіпті ұлттық спортымыздың қамын жеп жүрген азаматтардың өзі қолдайды екен. Олардың айтуынша, аттың үстінде жүрген, көкпар тартатын кез-келген жігіт муляжға қарсы. Шынайы қан шығарып сойылып, додаға түскен серкеге ештеңе жетпейді дейді олар.

Оқи отырыңыз:

Таңғажайып алып адамға айналғысы келген бодибилдер қауіпті тәжірибелер жасауда (фото)

Рио Олимпиадасының жүлдегері Жазира Жаппарқұл жол апатына түсті

Қазақстандық атбегілер жылқы баптап джип ұтуды кәсіпке айналдырған

Талқылау