Енді қазақстандықтардың құжаттарын жасанды интеллект рәсімдей алады

2026 жылы eGov жүйесінде құжаттарды дауыспен алуға мүмкіндік беретін жаңа сервис іске қосылады. Барлық рәсімді жасанды интеллект атқарады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі Дмитрий Мун мемлекет Қазақстан халқының күнделікті өмірінде қалай ЖИ қолданатынын айтып берді.
Оның айтуынша, қазақстандықтар өз өтінішін дауыстап айтады, ал AlemGPT деп аталатын ЖИ-агент қажетті нұсқаларды өзі таңдап, тіпті рәсімдеуді де жүргізеді.
“Бұл агент біздің суперкомпьютерде, біздің инфрақұрылымымызда және қазақ тілін түсінетін үлкен тілдік модельде орналасқан жабық желіде жұмыс істейді. Ол мемлекеттік қызметтерді адамның қатысуынсыз атқарады”, – деп түсіндірді вице-министр.
Дмитрий Мун eGov Mobile қосымшасындағы ЖИ-кеңесшінің қазақстандықтарға мемлекеттік қызметтерді қазақ және орыс тілдерінде түсінуге көмектескенін мақтанып айтты. Онлайн-нотариус видео режимінде шамамен 19 мың мәміле жүргізді, ал ЖИ-терапевт ел бойынша 38 клиникада сынақтан өтіп жатыр.
“Жалпы, 8,7 миллион мемлекеттік қызмет проактивті форматта көрсетілді, бұл 45-тен астам әртүрлі проактивті қызметтер, оларды біз мемлекеттік органдармен бірлесіп дамытамыз”, – деп нақтылады вице-министр.
Қазақстанда жеке куәлік 2026 жылдан бастап тегін беріледі
Айта кетейік, бұған дейін Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі қазақстандықтарды алаяқтардан ешқандай заң қорғай алмайтынын мәлімдегені хабарланған еді.
Жаңа салық кодексі әлеуметтік кәсіпкерлерді жеңілдіктерден айырды – Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді