Енді қазақстандықтар телефонмен сөйлесіп жатқанда, банк қосымшасына кіре алмайды
Фото: Pixabay.com
Енді телефонмен сөйлесіп жатқан қазақстандықтар банк қосымшасын пайдалану мүмкіндігінен айырылуы мүмкін. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қаржы ұйымдары смартфонның микрофоны қосулы тұрса, мобильді қосымшаларын бұғаттауға міндеттелмек. Сәйкесінше, барлық қызмет уақытша істен шығады.
Телефон сатып алмақ болған қазақстандық өз аттасына алданып қалды
Қазақстанда “қара тізім” енгізілуіне байланысты телефон бағасы көтеріле ме: Министрлік жауап берді
Тұтынушының телефонмен тілдесіп жатқаны нақтыланса, бүкіл қаржылық операция тоқтатылады. Демек төлем жүргізу де, ақша аудару да мүмкін емес. Микрофон өшірілген соң, бәрі қайта қалпына келеді дейді агенттік өкілдері. Шектеу мобильді қосымша деңгейінде болғандықтан, автоматты түрде салынып, алынады. Әрі талап екінші деңгейлі банктер мен қаржылық операциялар жүргізетін ұйымдардың бәріне ортақ.
Бұған дейін қазақстандық өтіп бара жатқан адамдардан телефон сұрап, атына несие рәсімдегені айтылды.