Енді Қазақстанда онлайн петицияға жазылған пікірлер де тексеріледі
Елімізде онлайн петицияға жазылған пікірлер де ескеріліп, тексеруден өтеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Информбюро” жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: consult.thurrock.gov.uk
Жаңа өзгерістерге сәйкес ұжымдық өтінішке пікір қалдыру функциясы сақталады. Сондай-ақ әр жазбаны қадағалап, тексеріп отыратын жауапты орган да белгіленеді.
Көптің талқылауына шығарылған құжат мәтініне қарағанда уәкілетті ұйым есебінде "Ұлттық ақпараттық технолгиялар" акционерлік қоғамы бекітілмек. Олар жазылған пікірге не оның бөлігіне қатысты түскен шағымның заңдылығын анықтайды. Егер тәртіп бұзылғаны нақтыланса, бес жұмыс күнi iшiнде операторға хабар беруге тиіс. Ал жауапты оператор үш күн ішінде жазбаны өшіреді не жасырып қояды.
Бұған дейін сот Қазақстандағы уақытты кері қайтару туралы петиция нәтижелерін заңды деп тапқан еді.
Өмірі ауруханаға бармаған 100 жастағы ата ұзақ өмір сүрудің құпиясын айтты
Ұзақ өмір сүрудің құпиясы қымбат дәрі-дәрмек пен ерекше күтімде емес
Қазақстандық жайлы өмір үшін Занзибарды таңдаған: "Халқының жалақысы 30 мың теңге, азық-түлік Қазақстаннан екі есе арзан"
Сұлтан: “Арал президенті көршім, ол қарапайым, күзетшісіз жүреді”