Енді қазақстандықтардың дипломдары Қытайда, Оңтүстік Кореяда және Түркияда мойындалады

Қазақстан сенаты ЮНЕСКО аясында әзірленген, Токио конвенциясы деп аталатын Азия-Тынық мұхиты өңірлік жоғары білім квалификацияларын мойындау конвенциясын ратификациялады. Енді қазақстандық мамандардың дипломдары өзге де елдерде мойындалады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Құжат өңірдегі елдер арасында, оның ішінде Қытай, Жапония, Оңтүстік Корея, Австралия, Жаңа Зеландия және Моңғолияны қосқанда, дипломдарды мойындаудың біркелкі және ашық ережелерін бекітеді. Ол квалификациялар туралы ресми ақпарат алмасуды, талаптарды стандарттауды және дипломдарды растауды жылдамдатуды көздейді.
Сонымен қатар конвенцияға қосылу Қазақстанға APNNIC халықаралық желісіне – квалификациялар туралы мәлімет алмасу платформасына қол жеткізу мүмкіндігін береді.
-
Енді мүгедектігі бар бала немесе ауыр науқас туысына күтім жасаушылар грант өтеуден босатылады
-
"Мұның бәрін кім жинайды?" Желіде SDU университетінің ерекше дәстүрі қызу талқыға түсті
Ел Орталық Азияда Токио конвенциясына қосылған бірінші мемлекет болып, өңірлік білім орталығы ретінде өз позициясын күшейтеді.
"Екі дипломым бар, 5 тіл білемін": Қазақстандық ару Англияға саңырауқұлақ терумен айналысып жүр