Енді еліміздегі барлық балабақшаларда бейнекамералардың бар-жоғы тексеріледі
Білім министрлігі Петропавл мектебіндегі төтенше жағдайдан кейін Қазақстанның барлық балабақшаларында бейнекамералардың болуын тексеретінін мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

“Министрлік балаларды қорғау қарастырылмаған бейнекамералары жоқ барлық мектепке дейінгі ұйымдарды анықтайтынын алға тартты. Білім министрінің бұйрығында бейнебақылау камераларының үлгісі жазылған талаптарға дейін көрсетілген”, – деді Білім министрлігі Мектепке дейінгі білім департаментінің директоры Наталья Жұмаділдаева.
Директор өкінішке орай, бүгінгі күні бұл талаптарды барлық ұйымдардың орындай бермейтінін тілге тиек етті.
“Бақылау мәселесіне келсек, біздің тарапымыздан балаларды қауіпсіз ұстау үшін барлық мектепке дейінгі ұйымдардың ережелерге сәйкестігін тексеру шаралары әзірленуде", – деп қосты ол.
25 мың теңгелік автотұрақ: Көк Төбеде туристер есебінен кім табыс тауып отыр?
Парктің әкімшілік басшысы Фархат Уәлиев парк жұмысына қатысты сын негізсіз екенін айтады
"Жоғары жалақы, тегін үй мен тамақ, соңғы үлгідегі MacBook": Италиядағы халықаралық мектепте сабақ беретін қазақстандық ұстаздық жұмысы жайлы айтты
Нұржігіт: "Ата-аналар чаты жоқ, олар ұстазбен сөйлескісі келсе, арнайы қабылдауына жазылады"