Енді елімізде операцияларды робот-хирургтар жасайтын болады
Өскемендегі №1 қалалық аурухана базасында еліміздегі алғашқы роботтандырылған хирургия орталығы ашылады. Бұл туралы 24kz хабарлады.
Жоғары технологиялы операциялық кешенде арнайы симуляциялық жабдықтар орнатылады. Соның нәтижесінде транспланталогиялық және ангиохирургиялық операцияларды жасауға мүмкіндік туады.
Осылайша жылына 500-ге жуық науқасқа тиісті медициналық көмек көрсету жоспарда тұр. Медицина дамыған елдерде тиімділігі дәлелденген нанотехнологиялық орталық 2018 жылдың басында пайдалануға берілуі тиіс.
“Жаңашылдыққа мамандарымызды да дайындап жатырмыз. Дәрігерлерді үздік еуропалық клиникаларға оқуға жібердік. Жоба енгізілгенше олар барлық талаптарды игеріп келеді деген жоспар бар”, – дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Шоранов.
Тағы оқыңыз:
Алты күнде безеуден арылған модель сұлулықтың құпиясымен бөлісті
Әйгілі Ванганың 2018 жылға жасаған болжамы
Африкада «екіжүзді» мысық дүниеге келді (фото, видео)
АҚШ-та күйеу жігіт неке қию рәсіміне «көктен салбырап түсті» (видео)