Қоғамдық орында құстарды тамақтандырған қазақстандықтар 100 мың теңгеден аса айыппұл төлейді
Фото: Видеодан скрин
Енді елімізде құстарды тамақтандырған қазақстандықтар айыппұл төлеуі мүмкін. Бастапқыда құқық қорғаушылар ескерту жасайды. Егер тұлға ережені бұзса 100 мың теңгеден асатын айыппұл арқалайды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның Информбюро бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.
Қоғамдық орындарда құстарға жем беру ережеге қайшы саналады. Бұл абаттандыру қағидаларын бұзу ретінде бағаланады. Аталған құқықбұзушылық үшін 69 мыңнан 103 мың теңгеге дейін айыппұл көзделген. Құстарды тамақтандыруға тыйым салынуының бірнеше себебі бар. Көгершіндер 90-нан астам түрлі ауру қоздырғыштарын тасымалдайды. Сондай-ақ олар арқылы бүргелер мен кенелер таралады, ал олар желдеткіш шахталар арқылы пәтерлерге енуі мүмкін.
Бұдан бөлек, қалған жем-қорек кеміргіштерді де тартады.
"Қыста құстарды тамақтандыруға рұқсат. Алайда оған арнайы, қоқыс шашылмайтын қоректендіргіштер қолданған жөн. Дала құстары мұндайда пайдалы. Ал жазда құстар қорегін өзі-ақ табады", – дейді Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің ғылыми қызметкері Андрей Андрющенко.

"Шетелде билетсіз, қонақүйсіз далада қалдым": Қазақстандықтар авторлық тур сатып аламыз деп 2 млн теңгеге дейін қаражаттарынан қағылған
