Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Енді Елбасы емес: Конституциялық сот Назарбаев туралы заңның күшін жойды

Конституциялық сот парламент депутаттарының ұсынысын қарап, Елбасы туралы заңның күшін жою жайлы қаулы шығарды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Назарбаев

Конституциялық сот мәлім еткендей 5 қаңтарда депутаттар тобынан Конституциясының 62-бабының 4-тармағына ресми түсіндірме беру туралы өтініші келіп түскен. Сонымен қатар “Тұңғыш Президенттің мәртебесі мен өкілеттігін реттейтін нормаларды алып тастауға байланысты "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы туралы" Конституциялық заңның күші жойылды деп танылуға жата ма?” деген сауал қойған. 

“2022 жылғы 5 маусымдағы республикалық референдумда білдірілген, Қазақстан Республикасының Конституциясынан 46-баптың 4-тармағы мен өзге де нормаларды алып тастау туралы Қазақстан халқының еркіне негізделе отырып, қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының Конституциясында "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының Қазақстан Республикасында қолданылатын құқықта сақталуына құқықтық негіздер жоқ деп тану қажет, осыған байланысты оның күші жойылды деп танылуға жатады”, – делінген қаулы мәтінінде. 

Талқылау