Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандықтар Bybit Kazakhstan мен ATAIX Eurasia криптовалюта платформаларына bcc.kz қосымшасы арқылы инвестиция жасай алады

ЦентрКредит Банкі лицензиясы бар Bybit Kazakhstan және ATAIX Eurasia криптовалюта платформаларымен интеграция жасап, клиенттерге қаражатты толтыру мен шешудің қарапайым әрі заңды жолын ұсынды.

Бұл функция пайдаланушыға шотты толтыруға, қаражатты шешуге мүмкіндік береді. Мобильді қосымшада әмиянның Fiat балансы көрініп тұрады. Қаражатты банк картасы арқылы толтыруға болады. Ал шешкен кезде ақша сол картаға қайтарылады – бұл процесс платформаға байланысты: кейбірінде автомат түрде, ал кейбірінде қосымша растаудан кейін қайтарылады. Барлық операция ресми тіркелген жүйелер арқылы жүргізіледі, верификация талаптары сақталады және қолданушыны бөгде сайттарға бағыттамайды.

"Біз әрбір клиентіміздің цифрлық қаржылық шешімдерін дәстүрлі банк өнімдері сияқты оңай әрі сенімді пайдалана алғанын қалаймыз. Криптоплатформалармен интеграция – қауіпсіз, ыңғайлы және инновациялық орта құруға бағытталған стратегиямыздың бір бөлігі", – деп атап өтті “ЦентрКредит Банкі" АҚ президенті Руслан Владимиров.

Екі платформа да Астана халықаралық қаржы орталығында (АХҚО) тіркелген және AFSA реттеуші органының талаптарына сай істейді. Бұл KYC/AML рәсімдерін сақтауға және операцияларды ашық жүргізуге мүмкіндік береді. 

ATAIX Eurasia – цифрлық активтер платформасының лицензияланған операторы және кастодиалдық қызметтердің провайдері. ЦентрКредит Банкімен интеграциясының арқасында пайдаланушылар банк картасы арқылы шоттарын теңгемен толтыра алады және сол арқылы қаржысын шеше алады.

Bybit Kazakhstan – Қазақстан заңнамасын ескере отырып криптовалюталармен сауда жасау және сатып алу қызметтерін ұсынатын криптобиржа. Мұнда пайдаланушылар төлем жасау немесе қаражат алу тәсілі ретінде банк картасын таңдай алады.

Қауіпсіз әрі үйреншікті ортада жүргізілетін ашық криптооперацияларға қызығатындар артып жатыр. Онлайн форматта қолжетімді шешімдерді таңдайтын пайдаланушылар саны көбейіп келеді. Ал bcc.kz мобильді қосымшасындағы жаңа функциялар – банктың цифрлық жүйелерді дамыту стратегиясының заңды жалғасы. Банк клиенттердің негізгі сауалына жауап беріп қана қоймай, сенімді қаржы серіктесі ретіндегі мәртебесін сақтай отырып, осы бағытта жаңа өнімдерді іске қосуды да қарастырып отыр.

Жарнама құқығында

ҚНРДА 03.02.2020 ж. берген №1.2.25/195/34 лицензиясы.

STAN.KZ
Бейсенбі, 19 Маусым, 2025 14:46
Талқылау