Енді банкоматтан карта иесі ғана ақша шеше алады: Қазақстанда банк карталарын пайдалану ережелері өзгерді

Қазақстанда банк карталарын пайдалану ережелері өзгерді, енді банкоматтан ақшаны карта иесі ғана шеше алады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Тіпті жұбайы немесе жақын туыстары да ақша шеше алмайды. Бұл туралы қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрайымы Мадина Әбілқасымова мәлімдеді.
"Әйелі күйеуінің картасынан ақша ала алмай қалған жағдайлар тіркелді, бұл жаңа талаптарға байланысты", – деді Әбілқасымова.
Агенттік басшысы жаңа ережелердің алаяқтармен және карталарын қылмыскерлерге беретіндермен күресуге арналғанын атап өтті.
"Бұл карта пайдаланушысының өзі екендігін тексеру және картаны пайдалану талаптарының қатаңдатылуымен байланысты. Жалпы алғанда, төлем картасын сол карта шығарылған адамның қолданатынын тексеру дұрыс бастама", – дейді Мадина Әбілқасымова.
Оның айтуынша, бұл тәсіл қаржыға заңсыз қол жеткізу қаупін азайтады.
"Көмектесіңіз мен оны танымаймын деп жылады": Алматы облысында бейтаныс ер адам кішкентай баланы ұрламақ болған
Тұрғын: "Ер адам баланың ұлы екенін, жай ғана үйге кіргісі келмей тұрғанын айтты”
Ай сайын ит-мысықты асырауға 8 миллион теңге жұмсаймын
Панажай иелері күштеп жабуға тап болып отырғанын айтты