Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Экранына құм септі: Ең жіңішке бүгілмелі смартфон сынақтан өтпей қалды

Белгілі блогер Зак Нельсон Oppo Find N5 бүгілмелі смартфонның беріктігін сынақтан өткізді. Смартфон құмға төтеп бере алмай, бұзылып қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі YouTube-те жарияланған видеоға сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: Видеодан скрин

Ақпанның соңында шыққан Oppo Find N5 әлемдегі ең жіңішке бүгілмелі смартфон деп танылды. Смартфонның қаптамасының қалыңдығы бүгілген күйде 8,93 миллиметр, ал ашылған күйде 4,21 миллиметр болады. Зак Нельсон осы гаджеттің беріктігін сынап көрді, алайда құрылғы сынақтан өтпеді.

Автор телефонның экранына құм сепкенде ішкі икемді дисплейінде сызықтар пайда болғанын байқады. Нельсон флагмандық телефонның бұзылуға қарсы қорғанысы осыншалықты әлсіз екеніне таңғалды. Алайда блогер экранды сындыра алмады.

Десе де құрылғының экраны өткір заттарға жақсы төтеп беретін болып шықты. Тіпті экранды отқа тақаған соң да смартфон жұмыс істеп тұрды. Ал артқы панель мен металл рамкаларын пышақ немесе басқа өткір затпен сызып көрді. Сол себепті смартфонда сызаттар пайда болады.

Талқылау