Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ең төменгі жалақыдан төмен жалақы төлейтін жұмыс берушілер жауапкершілікке тартылады

жалақыФото: © freepik.com

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Асқарбек Ертаев ең төменгі жалапқыдан төмен жалақы төлейтін жұмыс берушілер жауапкершілікке тартылатынын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

"Жұмыс беруші жұмысшы жалдаса, оның жалақысы ең төменгі жалақыдан төмен болса, жұмыс беруші Еңбек кодексіне сәйкес жауапкершілікке тартылады. Бұндай фактілерді азаматтар білуі тиіс. Мемлекеттік еңбек инспекциясы тиісті шара қолданады. Өткен жылдан бері осындай 18 факті тіркелді. Азаматтардың шағымынан кейін жұмыс берушілерге тиісті шара қолданылды. Жалпы еңбек қатынасына қатысты биыл 9 мың шағым түсті. Олардың 30%-ы еңбек қатынасын бұзу, 30%-ы жұмыс берушілерге шағым және т.б. көп шағым түсті", – деді вице-министр.

Асқарбек Ертаев ең төменгі жалақы медиандық жалақы мен еңбек өнімділігі негізінде есептелетінін айтты. Онда қосымша инфляция, азық-түлік себеті және адамның өмір сүру құны ескерілетінін мәлімдеді. 

"Жаңа жылдың есептеу жұмыстарын бастау үшін алдымен еңбек өнімділігі мен медиандық жалақы жөніндегі статистика дайын болуға тиіс. Бұл мәліметтер әдетте сәуір–мамыр айларында жарияланады. Сол кезде арнайы есептеу әдістемесі қолданысқа енгізіліп, көрсеткіштер бес түрлі бағыт бойынша талданады", – деді ол.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанда ең төменгі жалақыны есептеу тәсілі өзгеретіні хабарланды.

Айнұр Мұхади
Бейсенбі, 09 Қазан, 2025 13:00
Талқылау