"Ең арзаны 85 мың теңге": Қазақстанда пәтер жалдау бағасы қайта арзандады

Қазақстанда пәтер жалдау бағасы қайта төмендей бастады. 2026 жылғы қаңтарда 2025 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда орташа жалдау құны 1%-ға арзандаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Krisha.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
19 қаланың ішінде жалдау бағасы 7 қалада 1-2%-ға арзандаған. Олар Астана, Алматы, Петропавл, Орал, Қостанай, Өскемен және Шымкент. Ал жалдау бағасы үш қалада, яғни Павлодар, Ақтау және Талдықорғанда аздап қымбаттаған. Қалған қалаларда өзгеріс жоқ.
Ел бойынша орташа жалдау мөлшерлемесі 3417 теңге/шаршы метр. Ең төменгі көрсеткіш Түркістанда 2000 теңге/м², ал ең жоғарғысы Алматыда 5833 теңге/м².
Пәтер жалдау құны қанша?
Krisha.kz мәліметінше, өңірлерде 1 бөлмелі пәтер құны мегаполистермен салыстырғанда 3-4 есе арзан. Мәселен, Алматы немесе Астанадағы бір пәтердің бағасына басқа қалалардан бірнеше пәтер жалдауға болады. 1 бөлмелі пәтердің ең арзан құны Таразда 85 мың теңге, ең қымбаты Алматыда 220 мың теңге.
Қалалар бойынша орташа бағалар
• Астана: 1 бөлмелі – 200 мың, 2 бөлмелі – 280 мың, 3 бөлмелі – 400 мың теңге
• Алматы: 1 бөлмелі – 220 мың, 2 бөлмелі – 320 мың, 3 бөлмелі – 450 мың теңге
• Шымкент: 1 бөлмелі – 150 мың, 2 бөлмелі – 200 мың, 3 бөлмелі – 240 мың теңге
• Орал: 1 бөлмелі – 120 мың, 2 бөлмелі – 150 мың, 3 бөлмелі – 200 мың теңге
• Өскемен: 1 бөлмелі – 147 500, 2 бөлмелі – 190 мың, 3 бөлмелі – 215 мың теңге
Тәулігіне жалдау қанша?
Тәулігіне жалға алу бағасы да белгілі болды:
- • Астана – 15 000 теңге/тәулік
- • Алматы – 18 000 теңге/тәулік.
Еске салайық, бұған дейін
"Қолымнан айырылып қалу алдында тұрмын": МӘМС арқылы уақытылы көмек ала алмаған қазақстандық ота кезегінің ұзаққа созылғанына наразы