Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ең арзаны – 100 мың, қымбаты – 600 мың теңге": Жұлдыз Әбдікәрімова киілген көйлектерін сатып жатыр

Фото: https://www.instagram.com/zhuldyzabdukarimovaofficial/

Танымал актриса Жұлдыз Әбдікәрімова киілген көйлектерін сатуға шығарды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Өнер иесі оқырмандарының ұсынысын орындауға мәжбүр болған. 

“Қыз-келіншектерге хабардандыру бар. “Естімей қалдым, өткізіп алдым” деп жүрмеңіздер. Менің киімдеріме қызығатындар көп. “Сатыңызшы” деп айтады. Бүгін соның сәті түсіп тұр. Жүктілігіме байланысты көйлектерімді сатып жатырмын. Арнайы парақшада тұр. Күнделікті киюге арналған киімдерден бастап, сахналық киімдерге дейін бар. Ұсыныс сіздерден түскен соң, барлық киімімді сатуға шығардым”, – деді актриса.



Көрсетілген парақшадағы киімдер көздің жауын алғанымен бағасы қымбат болды. 

Сахналық бір көйлегі 175 мың болса, екіншісі 300 мың теңге сұрады. Қайрат Нұртастың туған күніне киген көйлек 230 мың болса, інісінің тойына киген көйлектің бағасы 150 мың теңге. Костюм-шалбардың құны – 130 мың теңге. Тастары қолмен тігілген көйлектің бағасы – 600 мың теңге.

Айта кетейік, бесінші баласын дүниеге әкелетін Жұлдыз Әбдікәрімова жан сырын ақтарған еді.

Гүлдана Нұрлыханова
Бейсенбі, 12 Маусым, 2025 12:24
Талқылау