Эммануэль Макрон 2027 жылға дейін президенттікте қалатынын мәлімдеді
5 желтоқсан күні Франция президенті Эммануэль Макрон 2027 жылы өкілеттілігі біткенше ел президенті болып қала беретінін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Видеодан скрин
Эммануэль Макрон BFMTV арнасында халыққа үндеу жасады. Ол өзінің отставкаға кететіні туралы ақпаратты жоққа шығарды.
“Мен бес жыл мерзімге президент болып сайландым және өкілеттілігімнің соңына дейін қызмет етемін. Менің міндетім – мемлекеттік биліктің сабақтастығын, мемлекеттік институттардың қалыпты жұмыс істеуін, еліміздің тәуелсіздігін және баршаңызды қорғауды қамтамасыз ету. Мен сіздермен әрқашан бірге болдым: әлеуметтік дағдарыс, COVID-19, соғыстар, инфляцияны бастан өткердік”, – деді Франция президенті.
Сондай-ақ Макрон жақын күндері жаңа премьер-министрді тағайындайтынын айтты.
Талқылау