"Eminem-нен де асып түсті": Димаш Құдайберген қытайлық тыңдармандарын таңғалдырды
Фото: Dimashnews.com
Қытайдың Шанхай қаласында өткен 2026 Tmall NEWTY Festival Offline Events шарасының ашылу және жабылу рәсімдерінде өнер көрсеткен әйгілі әнші Димаш Құдайберген жанкүйерлерін таңғалдырды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
2026 жылғы 16 қаңтарда Шанхайдағы Орындаушылық өнер орталығында 2026 Tmall NEWTY Festival Offline Events салтанатты рәсімі өтті.
Ол өзінің “Fire” атты авторлық композициясын жаңа аранжировкада орындап, Димаш күтпеген жерден қазақ тілінде жылдам речитатив қосты. Бұл фестивальдің ең көп талқыланған сәттерінің біріне айналды.
Дәл осы қарқынды “читка” әлеуметтік желі қолданушыларының назарын аударды. Көрермендер әншінің ән орындау мәнерін Eminem-мен салыстырды. Олар мұндай форматтың Димашқа тән емес болғанымен, өте табиғи әрі үйлесімді шыққанын жазды.
“Димашжанды мақтап жазуға 42 әрпім жетпей отыр”, “Димаш әлемде ерекше жалғыз тұлға”, “Біздің Димаштың таланты таңғалдырады”, “Eminem ағылшын буыны жалғауы қатты күрделі емес рэп оқиды, ал қазақ тілінің күрделілігімен мұндай жылдамдық”, “Меніңше, ол Эминемнен де асып түсті: жылдамдығы жоғары, дауысы айқынырақ, тембрі байырақ”, – деп жазған олар.
Айта кетейік, бұған дейін Димаш Құдайберген отандық медициналық университеттің құрметті профессоры атанғаны хабарланған еді.
Жаңа үйленсе де өзге қыздарға жазады: Қазақстандық психолог неліктен ерлердің опасыздыққа баратынын айтты